Іздеу

Түркі әлемі – 3 желтоқсан 2020 жыл

Хабар тақырыбы: «Жахандану кезеңінің түркі халықтарының тілдеріне әсері.  Жойылған және жойылып кету қауіпі бар тілдер». Хабардың қонағы – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комисия жанындағы орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты – Нұрсәуле Рсалиева.

Хабар Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Түркі әлемінің бесігі» атты тарауы негізінде жасалған. Хабарға түркітанушы ғалымдар, тарихшылыр, түркі музыкасын зерттеп жүрген музыкант ғалымдар және түркі халықтарына ортақ аспаптарда ойнайтын кәсіби музыканттар қатысады.

Мақсаты: Тыңдармандарымызды түркі дүниесімен жақынырақ таныстырып, достық қарым-қатынас орнату. Түркі музыкаларын қазақ радиосының «алтын қорына» енгізу.

№ 11