Іздеу
Сурет: stoneforest.ru

Қазақстанда

2005 жылы Елбасы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Шоқан Уәлихановқа арналған ескерткіш тақтасын ашты.

2005 жылы Ақмола облысының www.akmo.kz веб-сайты ашылды. Онда оқырман аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жоспарлары мен мақсаттары, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар туралы ақпарат ала алады.

2010 жылы Қазақстанда энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету мамандарын даярлайтын қазақ-француз орталығы құрылды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Кирибати және Вануату мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

2014 жылы Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Дін мен дәстүр» кітабының тұсаукесері өтті. Оның жарыққа шығуына Қазақстанның сол кездегі Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы ұйытқы болды.

Әлемде

1917 жылы Нью-Йорктегі «Victor» студиясында алғашқы джаз граммофон табағы жазылды.

1919 жылы АҚШ-тың Аризона штатында Гранд-Каньон ұлттық саябағы ашылды.

1935 жылы шотланд физигі Роберт Ватсон-Ватт алғашқы радарлардың бірін таныстырды. Радарларды кеңінен пайдалану үрдісі 1930-1940 жылдардың басында қалыптасты.

Дүниеге келген тұлғалар

1829 жылы бүгінде екінің бірі киетін джинсы киімін ойлап тапқан америкалық кәсіпкер Леви Страусс дүниеге келді

1954 жылы Түркияның саяси және мемлекет қайраткері Режеп Ердоған дүниеге келді. Ол 2014 жылдың 28 тамызынан бері Түркияның президенті қызметін атқарып келеді.

Еламан Ұзақұлы Әмірғазы 1996 жылдың 6 мамырында Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келген. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің, "Болашақ" академиясының, "Болашақ" өнер мектебінің түлегі. Бүгінде Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі қызметін атқарады.

Осы подкасттан көбірек

25 ақпан

Дәл осы күн әлемде және Қазақстанда Қазақстанда 1971 жылы Жезқазған мыс қорыту зауыты іске қосылды. 1993 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақ КСР...

24 ақпан

Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрына Қазақстанның халық...

№ 3