Іздеу

Дәл осы күн әлемде және Қазақстанда

Қазақстанда 1971 жылы Жезқазған мыс қорыту зауыты іске қосылды.

1993 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақ КСР Ғарыштық зерттеу агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Әуекосмостық агенттігі болып қайта құрылды. Агенттіктің бас директорлығына қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров тағайындалды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Камбоджа корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнады. 1999 жылы Елімізде тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы жүргізілді. Санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 15 673 400 адам тұратыны белгілі болды.

2010 жылы Алматыдағы Қазақ-Британ университетінде республикадағы алғашқы мұнай мұражайы ашылды. 2011 жылы Жезқазған мыс қорыту зауытының 40 жылдығы атап өтілді. Осы жыл ішінде зауыт 7 млн тонна жоғары сапалы катодтық мыс өндірген.

2012 жылы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Нұр-Сұлтан» – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтті.

Әлемде

Бүгін Кувейт мемлекетінің ұлттық мерекесі. Атаулы күн 1961 жылы ақпанның 25-інде Кувейт әмірі Абдалла ас-Сабахты таққа отырғызу құрметіне белгіленген. Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасында дипломатиялық қатынас 1993 жылы 1 қаңтарда орнады.

1836 жылы АҚШ-та Сэмюэль Кольт өзі ойлап тапқан Кольт револьверіне патент алды.

Дүниеге келген тұлғалар

1916 жылы әнші, ҚР халық әртісі Кәукен Кенжетаев дүниеге келді.

1949 жылы актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхан дүниеге келді.

1951 жылы театр және кино актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешева дүниеге келді.

1956 жылы физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев дүниеге келді.

Еламан Ұзақұлы Әмірғазы 1996 жылдың 6 мамырында Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келген. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің, "Болашақ" академиясының, "Болашақ" өнер мектебінің түлегі. Бүгінде Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі қызметін атқарады.

Осы подкасттан көбірек

26 ақпан

Қазақстанда 2005 жылы Елбасы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Шоқан Уәлихановқа арналған ескерткіш тақтасын ашты. 2005 жылы...

24 ақпан

Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрына Қазақстанның халық...

№ 2