Іздеу
Іздеу

Қазақстанда

1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрына Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің есімін беру туралы шешім қабылдады.

2009 жылы Ел астанасындағы Қазіргі заман өнері мұражайында суретші Әбілхан Қастеевтің 105 жылдығына арналған көрме ашылды. Суретшінің жеке көрмесінде 17 өнер туындысы қойылған, оның ішінде 4 кескіндеме, 12 графика және 1 мүсін жұмысы бар.

2010 жылы елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ және «Ел» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты домбыра күйлері антологиясының тұсаукесері өтті.

2015 жылы Еліміздің оңтүстік астанасында «Алматы – 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы» халықаралық конференциясы өтті.

Әлемде

Эстонияның бүгін Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасы арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы 27 мамырда орнаған. Ал Иранда бүгін инженер күні Жыл сайын атап өтілетін мерекеге орай салтанатты рәсім өтеді, оның міндеті – иран инженерлерінің қызметін және елдің дамуына қосқан үлестерін атап өту.

Дүниеге келген тұлғалар

1924 жылы биші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, алғашқы балет әртістерінің бірі Алмас Бекбосынов дүниеге келді.

1948 жылы күйші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Бисенғалиұлы дүниеге келді.

Еламан Ұзақұлы Әмірғазы 1996 жылдың 6 мамырында Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келген. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің, "Болашақ" академиясының, "Болашақ" өнер мектебінің түлегі. Бүгінде Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі қызметін атқарады.

Осы подкасттан көбірек

Эпизод 1