Іздеу
Іздеу
Сурет: muftyat.kz

«Сөйлеу мәдениеті» хабарының осы санында «Ана тілімізге деген құрметті ұстана отырып, адамның өзін-өзі тәрбиелеуі» деген тақырып төңірегінде әңгіме өрбіді.

Тіл – қарым-қатынас құралы. Ол – адамның ой-өрісін, мәдени деңгейін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. «Төрде отырып теріс сөйлегеннен без» деген Бәйдібек бидің сөзі бар ғой. Көргені көп, көңілге түйгені мол бидің осы сөзінен-ақ біраз сұрақтың жауабы табылып тұрған сияқты. Расында алдыңғы дөңгелек қайда жүрсе соңғысы сонда жүретінін ескеріп, аға-апаларымыз сауатты сөйлеп, дұрыс бағыт-бағдар көрсете білсе кейінгі ұрпақ та ана тілімізге деген құрметті ұстана отырып, өзін-өзі дұрыс тәрбиелеуі жемісті болар еді.

Дана халқымызда тәлім-тәрбиенің тәсілдері көп. Қоғам үшін қай кезеңде болмасын, әрбір от басында, ошақтың қасында өсіп-өніп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке құмар, білімге құштар болып өсуі – ең ізгі ниет, игі тілек екені даусыз. Ал ана тілімізге деген шынайы құрмет баршаға ортақ талап болуы тиіс. Өйткені, өзімізді-өзіміз тәрбиелеуді тоқтатқан жерден рухани тоқырау басталары кәдік.

Хабар қонағы – филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.

«Әдебиет әлемі», «Сөйлеу мәдениеті» хабарларының «Шалқар кеші көңілді» жастар бағдарламасының жүргізушісі. «Тағдыр сыйы» проза кітабының авторы. Президенттік стипендия иегері.

Осы подкасттан көбірек

Эпизод 3