Іздеу

Сөздің жүйесі мен киесі

«Сөйлеу мәдениеті» хабарының кезекті санын назарыныңызға ұсынамыз. Басты мақсатымыз – сауатты сөз саптап, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық ойға қозғау салатын хабарымыздың тұрақты қонағы: филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ, ұлтжанды ұл-қыз тәрбиелеу. Жас буынға дұрыс жол сілтеп, оң бағыт-бағдар беру. Осы жолда кім қаншалықты қызмет сіңіре алса, соншалық аянбай еңбек етуі керек.

Сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың тетіктері аз емес. Олардың ең бастысы – жеке тұлғаның рухани қажеттілігінің, өзіндік ізденісінің болуы.

Ақылдың кені Абайдың сөзімен айтсақ «жан құмары қажет». «Адам баласы әсемнен әсем таңдайды» дейді Мағжан. Ендеше, біздің әсемдікке деген құштарығымыз сөйлеу мәдениетінен де көрініс табуы тиіс.

Болашақ ұрпақ – қоғам иесі! Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу кім-кімнің де қоғам алдындағы борышы деп білеміз. Бұл хабарды сөзімізге қарап тек балаларға арналған деп ойлап қалмаңыз. Негізі адам қартайғанша оқып-біліп, үйренуі керек. Сондықтан білім алу – адамзат баласы үшін тал бесік пен жер бесіктің арасындағы қасиетті парызы деп санаңыз.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейтова.

Әуенін әрлеп, сазбен көркемдеген: Гүлжанат Байшотқызы.

Осы подкасттан көбірек

№ 5