Іздеу

QazCovid-in-ді жасаушылар вакцинаның сәтті шығатынына сенеді

ДДҰ-ы тізіміндегі коронавирус вакцинасын жасаушылар тобында қазақстандық Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институтының /БҚПҒЗИ/ QazCovid-in отандық вакцинасы да бар. Осы демалыста клиникалық сынақтың екінші фазасын өткен вакцинаның сәтті шығатынына институт ғалымдары кәміл сенеді. «Себебі ең алғашқы ерікті ретінде вакцинаны БҚПҒЗИ-нің ғалымдары мен қызметкерлеріне салдық. Егер оның сәтті шығатынына сенбейтін болсақ, өзімізге сынамас едік» дейді институт директорының орынбасары Ерғали Абдураимов пен лаборатория меңгерушісі Лесбек Құтымбетов «Қазақ радиосының» «Радиомедицина» бағдарламасында.

Оған қоса 17-18 қазан күндері клиникалық сынақтың екінші фазасы өтті. Тікелей эфир барысында институт лабораториясының меңгерушісі Лесбек Құтымбетов Жамбыл облысындағы БҚПҒЗИ жанында салынып жатқан вакцина жасайтын зауыттың QazCovid-in вакцинасын шығарып, таралатынына сенімі мол. Институт директорының орынбасары Ерғали мырза орталық ғалымдарының кәсіби деңгейі шетел вакцинолог, вирусологтарынан бір мысқал да кем түспейтінін ерекше баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, әлем бойынша 200-ден артық топ COVID-19-дың вакцинасын жасап, оның 31-і клиникалық сынақтан өткізіп жатыр. Қазақстандық топ – соның бірі.

Тікелей эфирде өткен бағдарлама барысында Назарбаев Университеті Медицина мектебінің фармакология және таксикология кафедрасының меңгерушісі. Австралия ұлттық денсаулық сақтау және медициналық зерттеулер кеңесінің мүшесі Мухаммад Алжофанның коронавирус вакцинасы жайлы пікірін білдік. Ал доктордың шәкірті Назарбаев университетінің 3 курс студенті Зылқия Ахметжанова отандастарынан вакциналар байланысты сауалнама алып, зерттеу жүргізіп жатыр. Зерттеу нәтижесі бойынша қазақстандықтар ақпараттың жетіспеуінен және дұрыс ақпараттың берілмеуінен екпе салдыртудан күмәнданады әрі бас тартады. Және қатысушылардың жартысынан көбі шетелдегідей ақылы вакцинаны қолдайтындығын, ал болашақ ғалым Зылқия Қазақстан халқы үшін екпенің тегін болғаны жөн деп санайды.

Вакцина мәселесі сізді де мазалайтын болса, төмендегі сілтеме бойынша өтіп, сұрақтарға жауап беруіңізге болады. Сауалнама он минуттай уақытыңызды алады.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScm-_dI_-RV8pA5Mb0Y4vWp4F1ygAozT5uvQKjiI6ba3D3y5w/viewform

 

Бағдарламаның толық нұсқасын
үнтаспадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаның авторы әрі редакторы: Жадыра Жұмакүлбай.

Осы подкасттан көбірек

№ 5