Іздеу

Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу керек – адвокат

Қыз-келіншектерге арналған «Өнеге» хабарына Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Палмаханова Ақмарал қатысып, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа төтеп беру, заң жүзінде қорғану туралы әңгіме қозғады.
Ақмарал Сақтапбергенқызы отбасылық зорлық-зомбылыққа душар болған жандардың қасынан табылып, демеу болып жүргендіктен түрлі оқиғаларға куә. Сондықтан көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, қыз-келіншектерге осы тақырып аясында нақты нұсқаулар берді.

Ал эфир барысында телефон арқылы байланысқа шыққан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Шырахметова Гүлмира Тлеуғалиқызы түйткіл мәселеге қоғамның назарын аудартуға тырысып келе жатқаныдығы туралы айтып, нақты статистикаға тоқталды.

Хабарды эфирге дайындап, жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.
Толығырақ аудио таспадан тыңдай аласыздар.

Осы подкасттан көбірек

№ 8