Іздеу

Оразкүл Асанғазықызы

Сурет aigak.kz сайтынан алынды.

Шалқар радиосының әуе толқыны арқылы радиотыңдаушыға – адамгершілік пен ізеттілік,инабаттылық, парасаттылық секілді асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін аналар мен қыз – келіншектерге арналған «ӨНЕГЕ»хабарының бүгінгі санында «Ұлттық құндылыққа баулитын тәрбие көзін жасау керек!»деп есептейтін белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, «Оқу ісінің үздігі»,«Құрмет» орденінің иегері Оразкүл Асанғазықызы қатысты. Өнегелі өмірімен үлгі болған қоғам қайраткері,өмірлік жолын қарапайым ауыл мектебіндегі мұғалімнен бастағанын әңгімеледі. Жастардың тәрбиесіне байланысты алаңдайтынын, соңғы кезде әлеуметтік желіде қазақ қыздарының киіміне байланысты айтылып жатқан сынға қатысты ойын айтып,тәрбиелік мәні бар лекцияларды инстаграмдағы парашасынан ұсынатындығын айтты. «Қыздың жолы – жіңішке»екенін бала кезден әжем құлаққа сіңдіріп,үнемі имандылықпен тәрбие беріп,жалпы, баланың тәрбиесі ата – анаға үлкен сын екенін айтатын еді» – деді ол өз сөзінде. Қазіргі кезде жастар сәнге айналған«хайп»қуғанша,білімін жетілдіріп,иманды,саналы болуға тырысып,ертерек отбасын құрып қызметін де қатар алып жүруге болатындығын айтты.Қызықты әрі танымдық жағынан құнды сұхбатты,сілтеме арқылы өтіп тыңдасаңыз болады.

Бағдарламаны эфирге дайындап жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы @lyazzat_teeshbekkyzy.

Осы подкасттан көбірек

Мейрамгүл Ерғазықызы

Шалқар радиосының әуе толқыны арқылы радиотыңдаушыға – ұлттық тәрбие жөнінде сыр шертетін,адамның бойынан асыл қасиеттердің қалыптасуына...

Қымбат Әбілдақызы

Шалқар радиосының әуе толқыны арқылы радиотыңдаушыға – ұлттық тәрбие жөнінде сыр шертетін,адамның бойынан қазақтың қызына тән асыл...

№ 2