Іздеу

Мейрамгүл Ерғазықызы

Шалқар радиосының әуе толқыны арқылы радиотыңдаушыға – ұлттық тәрбие жөнінде сыр шертетін,адамның бойынан асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін «ӨНЕГЕ»хабарының бүгінгі санына –Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері,экономика ғылымдарының магистрі, №66 мектеп –лицейінің шебер ұстазы Мейрамгүл Ерғазықызы Жомартова қатысты. Тәрбиенің негізін қалыптастыратын бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі туралы айта отырып,өсіп келе жатқан баланың бойына сіңіретін құндылықтардың негізі – отбасындағы алған тәрбиесі!-деді студия мейманы өз сөзінде. Саналы ғұмырын ұстаздыққа оның ішінде,балаларға математикадана дәріс беруге арнаған шебер ұстаз білім беру мәселесіндегі толғандыратын жайттар мен бүгінгі күннің мұғалімінің мәртебесін қалай көтеру керектігі турасында ойын ортаға салды. Әжесінің тәрбиесін көріп өскен Мейрамгүл Ерғазықызы өскелең ұрпаққа,әсіресе ата – аналарға кәдеге жарар ақылын аямады. Қызықты әрі сырлы,боямасыз сұхбатты Шалқар радиосының мұрағатынан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.

Осы подкасттан көбірек

№ 3