Іздеу

Көрнекті ғалым Өмірзақ Озғанбаев 80 жаста

«Өнеге» хабарына көрнекті ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестіктігінің төраға орынбасары Өмірзақ Озғанбаев қатысты. Бүгін, 9 маусымда 80 жасқа келген ғалым зерттеп жүрген тақырыбы аясында және Алаш ардақтылары туралы сөз қозғап, жақында тұсауы кесілген «Тарихқа тағзым» атты 5 томдық шығармалар жинағы жөнінде әңгіме қозғады. «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан», «Тарих тағылымы», «Қазақтың шешендігі мен көсемдігі астасқанда», «Жарық жұлдыздар» және «Тағзым» атты жинақтардан тұратын еңбекте халқымыздың тарихына, тарихи тұлғаларының, атақты көсемдері мен шешендерінің ел еңсесін көтеру жолындағы жанкешті іс-әрекеттеріне шолу жасалған. Сондай-ақ, 5 томдықта кезінде Ресей Мемлекеттік Думасына Қазақстаннан депутат болып сайланған қазақ қайраткерлерінің бұрын-соңды аз зерттелген қырлары айтылған.

Хабарлың толық нұсқасын аудиодан тыңай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайынап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Осы подкасттан көбірек

№ 6