«Өнеге» хабарына ҚР Президенті жанындағы Әйел істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Отбасы және әйелдер мен балалар ісі республикалық кеңесінің мүшесі, «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі Салтанат Тұрсынбекова қатысты.
Хабар барысында Қазақстандағы әйел құқығы, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері әңгімеге арқау болды.
«Әр өңірде облыстық, аудандық деңгейде түйткіл сұрақтарды қарастыратын үйлестіруші органның құрылуы көп мәселені шешер еді»,- деді студия қонағы.
Сұхбатты хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.
Тікелей эфир жүргізушісі: Ләззат Тиышбекқызы.
Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.