Іздеу

Жолаушылар пойыздарының жол жүру кестесі өзгерді

 

«Зейнетке шығу жасы төмендетілмейді». Премьер-Министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының зейнетке шығу жасын төмендету туралы ресми сауалына осылай жауап берді. Айтуынша зейнетке шығу уақытын белгілеуде халықаралық тәжірибе негізге алынған. Оның үстіне қазіргі экономикалық ахуал мен демографиялық факторлар бұған жол бермейді, – дейді Премьер. Әрі жұмыспен қамтылған халық ішінде зейнеткерлер санының артып келе жатқанын ескерген жөн дейді. Бұған дейін мәжілісмендер зейнетке 60 жастан шығу туралы бастама көтерген еді.

***

Вирустың таралуы күш алған соң, Павлодар облысы кешеден бастап қауіпті аймақтардың қатарына кірді. Павлодармен қоса солтүстікте Петропавл қаласы да карантинге жабылып, блок-бекеттерде тексеру күшейді. Сондай-ақ, Қостанай, Ақмола облыстарында шектеу шаралары енгізілді. Петропалға кіретін жолдарда да полиция қызметкерлері кезекшілік атқаруда. Шаһар аумағынан өтетін транзиттік жүк көліктерінің жүргізушілерінде ПТР-тест болмаса, екі күнге карантинге жатқызылып, сынама тапсырады. Бақылау автожолдарда ғана емес, темір жолда да күшейтілді. Кешеден бастап Алматы- Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы аптасына 3 рет қана қатынайды. Олыстағы 8 ауданның 11 елді мекені карантинге жабылған.

***

Қостанайға кіретін көліктер блок-бекеттерде жіті тексерілуде. Елді мекендерде кешкі 9-дан таңғы 6-ға дейін адамдардың жүріп-тұруына тиым салынды. Қоғамдық көліктер тек кешкі сағат 8-ге дейін ғана жүреді. Ал, Көкшетауда демалыс күндері санитарлық бекеттер қойылып, қалаға кіріп-шыққандар тексерілуде. Науқаспен байланыста болған немесе карантиндегі азаматтардың қозғалысы COVID-19 қосымшасы арқылы қатаң бақыланады.

***

Павлодарда әйел адамды үш баласымен бірге өлтіріп кеткен. «Кеше күндізгі сағат 12:00-де полицияға Айманов көшесі, 2-үйдегі пәтерден төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы үйге келген пәтер иесі есікті аша алмағанын анықтаған, өйткені есік ішінен жабылып қалған. Есікті көршілерінен арнайы құрал сұрап алып ашқан», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Үй иесі пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар әйел адам мен 2013, 2015 және 2017 жылдары туған үш баланың мәйітін тапқан. Содан соң полиция шақырған. «Аталған факті бойынша 99-баптың үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды», – деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

***

Бірнеше жолаушылар пойыздарының жол жүру кестесі өзгерді. Бұл коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған мәжбүрлі шара. Атап айтсақ, «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызы енді күнара қатынайды. Ал, «Павлодар – Алматы» жолаушылар пойызы белгіленген күндер бойынша жүреді. «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1» мен «Алматы-2 – Өскемен-1» жолаушылар пойыздарының жыл соңына дейін күнара қатынауы ұзартылады. Қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының экрандағы станцияларынан өзгелеріне билеттерді сатуға және жолаушыларды отырғызып, түсіруге уақытша тыйым салынады. Тыйым салынған тұрақтарға рәсімделген билеттердің қаражаты толық көлемде қайтарылады. Ал, Петропавлдан жол жүру үшін жолаушылардың қолында 3 тәуліктен аспайтын теріс нәтижелі ПТР-тестілеудің анықтамасы болуы міндет. Сондай-ақ теміржол вокзалдары ғимараттарына күтіп алушылар мен шығарып салушыларға кіруге тыйым салынады.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 86