Іздеу

Қызылордада «Абай» операсы тұңғыш рет сахналанды

Парламент Сенатының жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын баяндады. Болжамды нақтылауынын негізгі факторлары – 2019 жылғы жалпы ішкі өнім бойынша өзектендірілген есептік деректер, биылғы жыл басынан бергі жедел деректер, мұнай өндірудің жоспарын түзету, сондай-ақ әлемдік нарықтағы мұнайдың бағалануы саналады. «Әлемдік экономика өсімі Халықаралық ұйымдардың консенсус-болжамы бойынша биыл минус 5 пайыз, ал 2021 жылда өсім күтілуде», – деді министр. Сондай-ақ ол , мұнайдың есептік бағасын ескере отырып, болжамдық бағаны 20 доллардан 40 долларға дейін арттыру ұсынылғанын айтты.

***

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция режимінде Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен «Орталық Азия – Үндістан» диалогының екінші отырысына қатысты. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту және тұрақты өсуді қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімді көпжоспарлы өзара іс-қимылды кеңейту, мемлекетаралық байланыстарды тереңдету мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.

***

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов 29 қазанда 10 халықаралық әуе рейсімен елге 1072 жолаушы ұшып келгенін мәлім етті. «Нұр-Сұлтандағы 4 рейс бойынша 426 жолаушының 418-де, Алматыдағы 4 рейс бойынша 536 жолаушының 522-де, Қарағандыдағы 1 рейс бойынша 16 жолаушының бәрінде, Шымкентке ұшып келген 94 жолаушының (1 рейс) 91-де ПТР-тест анықтамасы бар болып шықты», – деп хабарлайды Сәдуақас Байғабылов. ПТР-тест анықтамасы жоқ азаматтар Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарға жатқызылған. Жолаушылар халықаралық әуе рейстерімен Түркия, Ресей, БАӘ елдерінен келген. Сонымен қатар Сәдуақас Байғабылов Түркиядан келген Тәжікстан азаматы ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан Алматы әуежайынан депортацияланғанын жеткізді.

***

Қызылорда облысында «Абай» операсы тұңғыш рет сахналанды. Аталған шара қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына арналды. Қазақ өнерінің белгілі тұлғалары Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының тұсаукесері онлайн түрде өткізілді. Операның қоюшы режиссері – Шымкент қалалық опера және балет театрының режиссері әрі солисі Қайрат Құлыншақов.

***

Қазақстандықтарға жеткізіліп отырған табиғи судың мөлшері қаңтар-қыркүйек айларында 2,2 млрд текше метр болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға көп. деп хабарлайды Еnergyprom.kz сайты.

Қазақстанға жеткізіліп отырған ауыз судың көлемі 1 пайызға, ал ішуге жарамсыз судың көлемі керісінше, жыл ішінде 2 пайызға өскен. Әлем елдерінің тұтынылатын судың сапасы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін клиникалық тіркелген оқиғаларды есепке алатын рейтингінде Қазақстан 179 орынның ішінде 54-ші орында тұр. Елде ауыз су сапасының индексі 100-ден 55,8 көрсеткішіне тең . Рейтингте көрсеткіштері жоғары 10 ел әшәнде Австрия, Финляндия, Грекия, Исландия елдері бар.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 54