Іздеу
  • Президент Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды.
  • Былтыр 3004 жас жалға берілетін тұрғын үймен қамтылды. 
  • Короновирусқа байланысты Жапония жағалауында оқшауланған круиздік лайнердегі 4 қазақстандықтың жағдайы жақсы.
  • Ақпан айында ҰҚК республика аумағында террористік актілер дайындаған екі азаматты ұстады.
  • БҚО-да 12 елді мекен атауы мен 52 көше атауы өзгертілді.
  • Түркістанда Қоғамдық келісім кеңесі жиын өткізді.
  • Елімізде 32 ауылды дамыту бағдарламасы дайындалып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды. Мемлекет басшысына әлемнің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатерлер жайында баяндалды. Сонымен қатар Президент Бас барлау басқармасы бөлімдерінің заманауи үлгідегі әскери құрал-жабдықтарымен және техникаларымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әскери барлау жұмысына оң баға беріп, халықаралық ахуал шиеленіскен жағдайда оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рөлі арта түсетінін айтты.

***

Елбасы жариялған Жастар жылы шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу бойынша шаралар қабылданды. Былтыр 3004 жас жалға берілетін тұрғын үймен қамтылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алқа отырысына ведомства вице- министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

***

Короновирусқа байланысты Жапония жағалауында оқшауланған круиздік лайнердегі 4 қазақстандықтың жағдайы жақсы. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті. «Қазіргі уақытта біз Сыртқы істер министрлігімен бірге еліміздің азаматтарын Қазақстанға жеткізу мәселесін пысықтап жатырмыз», – деді Елжан Біртанов. Айта кетейік, кеме бортында қазақстандық екі әйел мен 8 және 12 жасар екі бала бар. Кемедегі карантин ертең аяқталуы тиіс. «Ал елімізде короновирус инфекциясын болдырмау үшін 1 млрт тенге Денсаулық сақтау министрлігіне кіретін ведомстваларға берілген»,- дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

***

Ақпан айында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алды. Ұсталғандарға қатысты терроризм актісіне дайындалу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған. 

***

БҚО-да 12 елді мекен атауы мен 52 көше атауы өзгертілді. Оларға қазақ зиялыларының есімдері мен қазақи атаулар берілді. Осылайша, Ақсай қаласының Советская көшесі – Әл-Фараби, Тупиковая – Көкжиек, Октябрьская – Хиуаз Доспанова, Утвинская- Мұхтар Әуезов деп өзгертілмек. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева Қазақ радиосының Жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында айтты.

***

Ел бірлігі мен халықтар достығын нығайту бағытында Түркістан өңірінде этносаралық бірлестіктер ынтымақтаса жұмыс жасауда. Қоғамдық келісім кеңесі ұлтаралық татулықты насихаттау бағытында келелі кеңес өткізді. Өңірдегі тілшіміз Ерсұлтан Әмірбек әңгімелейді.

***

 Елімізде 32 ауылды дамыту бағдарламасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков мәлім етті. «Мекемелеріміздің жартысы ауылдық аймақтарда орналасқан. Нақты 32 ауыл – қала құраушы санатына жатады. Біз дәл осы ғылыми ауылдарды дамыту бағдарламасын дайындауды бастап кеттік», – деді Төлеутай Рақымбеков. Орталық басшысының айтуынша, бағдарлама ауылдардағы әлеуметтік және инженерлік нысандарды жөндеуді, тұрғын үйлерді салуды, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарға жағдай жасауды көздейді.

Осы подкасттан көбірек

Шығарылым 2