Іздеу

Қазақстандықтарға 7 миллион тонна көмір қажет

Биыл қазақстандықтарға 7 млн тонна көмір қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай болжам жасады. Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі таңда тұрғындардың 70 процентке жуығы көмірмен қамтамасыз етілген. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында әлеуметтік нысандар үшін көмірдің жылдық көлемі толық жеткізілді. Қарағандыда бір тонна көмір 7500 теңгеден бастап, 11 мың теңгеге дейін сатылуда. Өскеменде көмірдің тоннасы – 11000 теңге. Павлодарда қатты отын 12500 теңге тұрады. Нұр-Сұлтанда оның құны 300 теңгеге қымбат. Ал Ақтөбеде көмірдің бір тоннасы 13000 теңгеден сатылады. Көкшетаулықтар көмірді 13400 теңгеден сатып алады. Ал Қостанайда бір тонна көмір 15000 теңге. Ең қымбат көмір Петропавлда. Тоннасы 17500-ге дейін жетеді.

Әлемде соңғы 20 жылда табиғи апаттардан 1 миллион 200 мыңнан астам адам қайтыс болып, дүниежүзілік экономика 3 триллион доллардан айырылған. БҰҰ Адамдық қауіп-қатерді азайту бойынша агенттігінің зерттеулері осыны көрсетіп отыр. Ұйым баяндамасына қарағанда 21-ғасыр басталғаннан су тасқыны, дауыл, құрғақшылық, орман өрті көбейіп, жер сілкінісі мен цунамилар жиілеген. Адам шығыны да осы соңғы екеуінен көп болады. Мамандар апаттардың көбін климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Ал алдағы онжылдықта күннің ысуы жиі тіркеліп, одан кедей елдер көп зардап шегетінін ескертуде.

Ең көп алтын Өзбекстанда сатылды. Әлемдік банктер тамыз айында шамамен 12 жарым тонна алтын сатқан. Ең ірі сатып алушы қырғыз елі болды. Оларға 5 тонна бағалы металл сатылған. Тізімде қырғызстаннан кейін Үндістан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Моңғолия мен Қазақстан тұр. Өзбекстан ең ірі сатушы ретінде танылды. Олардың алтын қорында қазір 298 тонна бағалы металл бар. Жалпы өткен айда алтын бағасы 73 долларға төмендеді. Қазақстандағы алтын валюта резервтері 35,4 доллардан 33,8 долларға дейін қысқарды. Алтын портфелі шамамен 800 млн долларға азайған. Бүгінде елдегі алтын алтын валюта резервтерінің үштен екі бөлігін құрайды.

Лицензиясынан айырылған Tengri Bank өз салымшыларына 10 миллиард 700 миллион теңге төледі. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады. Төлемдер Еуразиялық Банк арқылы жүргізілген. Бұл кепілдендірілген төлемдердің жалпы сомасының 60 проценті. Жалпы бес күнде 2300 адам ақшасын қайтаруға өтініш берген. Олардың көпшілігі Алматы, Павлодар және Нұр-Сұлтан қалаларынан. Айта кетейік, Tengri Bank салымшылары кепілдендірілген төлемді Еуразиялық банк арқылы қашықтан өтінім беру арқылы ала алады.

Осы подкасттан көбірек

№ 13