Іздеу

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы анықталды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы заң жобасын мақұлдады.Құжатта азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баспана алуға, емделу үшін және қаржы ұйымдарының басқаруына бере алатын нормалар көзделген. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, жаңа нормалар 2021 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін болады. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, алдағы уақытта мемлекеттік органдар осы талаптарды жүзеге асырудың нақты механизмдерін қалыптастыруы керек.

***

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы анықталды. Оқиға БҚО-да тіркелген. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманованың мәліметінше, бұл азамат кеселге пандемия басталғанда шалдыққан. Емделіп шыққаннан соң жазда екінші рет індет жұқтырғаны белгілі болды. Қазан айының басында инфекциялық стационарларда 30 науқас болса, қазір олардың саны артты. Ем алып жатқан науқастар саны 96-100-ге жетіп отыр, – деді маман.

***

Ал, Алматы облысында коронавирустың екінші толқынына дайындыққа 8,8 млрд теңге бөлінді. Аймақ басшысы Амандық Баталовтың айтуынша, Талдықорған қаласында қысқа мерзімде 200 орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынды, ол барлық қажетті заманауи жабдықтармен және штатпен жасақталған. Жалпы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге, оның ішінде коронавирустың екінші толқынына дайындыққа 8,8 млрд теңге бөлінді. Материалдық қолдау көрсету аясында бес мыңнан астам медицина қызметкеріне 4,7 млрд теңге сомасында үстемеақы төленді, жергілікті бюджеттен 1 123 медицина қызметкері 137 млн теңгеге сыйақы алды, – деп атап өтті Амандық Баталов.

***

Қостанай облысында аурухана бөлімшелері карантинге жабылды. Мұндай шешім қабылдауға коронавирус жұқтырған аурухана қызметкерлері мен емделушілер санының артуы себеп. Жітіқара аудандық ауруханасының көпбейінді терапевтік және хирургиялық бөлімшелері 19 қарашаға дейін екі апталық карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz. мұнда бір ай ішінде 15 дәрігерден және 3 пациенттен вирус анықталған. Сол себепті қос бөлімше уақытша жабылып, науқастар қабылданбайды. Дегенмен аурухананың қабылдау, инфекциялық және босандыру бөлімшесі жұмысын жалғастыра береді.

***

Алматыда дәрі бағасын негізсіз қымбаттатқан дәріхана ұйымдарына 28,4 млн теңге айыппұл салынды. Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедияровтің айтуынша, шахарда шілденің ортасынан қыркүйектің соңына дейін дәріхана ұйымдарында тексеру жүргізілді. «Департамент қызметкерлері дәрі бағасын көтергендерге жалпы құны 28,4 млн теңге болатын 156 айыппұл салған. Рұқсат құжатынсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқан 14 субьекті айыппұл төлеген. Құқықбұзушылықты қайталаған кәсіпкерлер бойынша арнайы мамандандырылған сотқа 8 іс жіберілді. 4 материал заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін, ал тағы екеуі тіркелмеген дәрілік заттар сатқаны үшін қаралып жатыр»,- деді Мұрат Мұхамедияров.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 71