Іздеу

Қазақстан түрмелерінде «электронды дүкен» енгізілді

Барлық өңірдің полиция басшыларының әлеуметтік желідегі парақшасы жарияланды. Аумақтық полиция департаменттерінің басшыларына енді Facebook әлеуметтік желісі арқылы арыз-шағым мен өтінішті жеткізуге болады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазды. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, соны шешуге әрекет ету, тұрғындармен кері байланыс жасау – Мемлекет басшысының «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасының басты мақсаты. Халық үні назардан тыс қалмауы тиіс, – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында. Еске салайық, Полиция департаментінің бастығы Нұр-Сұлтан қаласында Ержан Сәденов, Алматыда Қанат Таймерденов, Шымкентте Ералы Жұмаханбетов, ал Атырау облысында Қамза Үмбетқалиев.

***

Қауіпті індеттің кесірінен Теңіз кенішінде жұмыс істеп жүрген Атырау облысы Жылыой ауданының 1000-нан астам тұрғыны жұмыссыз қалған еді. Қазір жергілікті билік кен орнындағы мердігер мекемелермен келіссөздер жүргізіп, қызметінен босатылғандарды қайта жұмысқа шақыруды талап етіп отыр. Қазір бос жатқан мыңға жуық жұмысшының 600-ден астамы Теңіз кен орнына кері шақыртылған. Қалған 400 азаматты қайтадан қызметіне орналастыру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

***

Қазақстан түрмелерінде «электронды дүкен» енгізілді. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында отырғандардың электронды түрде шағым жолдау құқығы енгізілді. Енді әрбір мекемеге прокуратураға, одан ары сотқа және жемқорлыққа қарсы қызметке шағым жасау үшін электронды терминалдар орнатылады. Жаңа технологиялардан рұқсат берілген тамақ, киім, кітап секілді түрлі тауарлар мен заттарға тапсырыс беру үшін «электронды дүкен» технологиясы енгізілуде. Бұдан басқа, сотталғандарға жолданатын сәлем-сауқаттың салмағы 14-тен 20 келіге дейін артқан.

***

Халықаралық рейстермен келген ПТР анықтамасы жоқ 3 шетелдік Қазақстаннан депортацияланды. Олар Ресей, Өзбекстан және Армения азаматтары. Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Садуақас Байғабұлов хабарлады. Жалпы өткен түнде елімізге шетелден 1136 жолаушы ұшып келді. Бірақ 198 адамның коронавирусқа ПТР тест анықтамасы болмаған. Бұл, негізінен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтауға ұшып келген жолаушылар. Анықтамасы жоқ азаматардың барлығы карантиндік стационарға оқшауланып, ПТР тест тапсырады.

***

Қазгидромет 20-22 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. «20-22 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз және жылы болады. Бірақ кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен жауын-шашын кей өңірлерде болуы да ықтимал. Республиканың солтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі байқалады.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 25