Іздеу

Қазақстан корей кеспесін әкелуге тыйым салды

Сенат депутаттары азаматтардың осал санаттары үшін жеңілдікті ипотека бағдарламаларының қолжетімсіз екенін айттты. Сенаторлар балама нұсқалар ұсынбай тұрып азаматтарды жалғыз тұрғын үйінен мәжбүрлеп шығаруға жол бермеу керектігін жеткізді. Нақтырақ айтқанда, Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен депутат Ләззат Сүлеймен осы мәселеге байланысты ҚР Премьер-министріне депутаттық сауал жолдады. Сенаторлар мәжбүрлеп шығаруға тыйым салу негіздерінің тізімі сапалы түрде жан-жақты қайта қаралуы керек екенін, сондай-ақ алдын алу шараларын қабылдау, атап айтқанда азаматтардың ипотекалық қарызды төлеу жөніндегі тәуекелдері мен мүмкіндіктеріне мұқият талдау жүргізе отырып, азаматтарға ипотекалық қарыздар беру кезінде екінші деңгейлі банктердің бақылауын күшейту қажеттігін атап көрсетті.

***

Қазақстанның бас санитар дәрігері құрамында соя бар тамақ өнімдерін елге әкелуге және өткізуге тыйым салатын уақытша санитарлық талаптарды енгізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осылайша ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Оңтүстік Корея шығарған кеспелерді әкелуге және өткізуге тыйым салған. Мониторинг барысында комитет мамандары «Джин Рамен» тез дайындалатын кеспе ассортиментіндегі Оттоги Рамен Ко кеспесінің құрамында генетикалық түрлендірілген соя сандық құрамының артқанын анықтаған. Сондай-ақ, мамандар кеспе қаптамасында өнімдегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат болмағанын атап өтті. «Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9 пайыздан аспауы керек.

***

Пандемия кезіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер». Осындай атаумен бүгін екінші инвестициялық форум өтіп жатыр. Онлайн форматта ұйымдастырылған іс-шара Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы кеңсесінің қолдауымен өткізілуде. Алаң бизнесті, инвесторларды және мемлекеттік органдарды біріктірген. Форум сессиялары қалыптасқан әлемдік пандемияға байланысты экономикалық дағдарыстың өзекті проблемаларына арналады. Форумға мемлекеттік, квазимемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, ТМД, Еуропа, Балтық жағалауы елдері, Украина, Грузия, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхит өңірі елдерінің жетекші компаниялары қатысып жатыр.

***

Алматыда «B2B Jewelry» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап. Зергерлік дүкендер желісі атын жамылып, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар халыққа сатып алу сомасының 104% мөлшерінде «кэшбэк» түрінде ақша қайтару кепілдігімен зергерлік бұйымдарды сатқан. Қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 млн-нан астам теңге, 303 мың АҚШ доллары және 3 500 евро тәркіленіп алынды. Мол пайдаға кенелмекші болып, алаяқтардың алдауына түскен отандастарымыздың саны 10 мыңнан асады.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 19