Іздеу

Қарағанды облысындағы ауыл карантинге жабылды

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін елеп-ескеру болып табылады. Биыл мемлекеттік сыйлықты алу үшін 6 жұмыс түскен. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге 3 жұмыс өтті. Енді мемлекеттік сыйлықты беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленеді.

***

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Центральное ауылында коронавирус инфекциясына байланысты карантин енгізілді. Індетті Ресейдің Омбы қаласынан келген қонақ жұқтырған. Онымен байланыста болғандар арасында да ауру жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Бұқар Жырау ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Центральное ауылы карантинге жабылды. Блокпостар орнатылды. Карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынды. Үйден тек жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға болады. Карантин соңғы науқас емделіп шыққанға дейін жалғасады.

***

Батыс Қазақстан облысында биыл 436 шақырым жол жөнделеді. Оған 36 млрд 200 млн теңге бөлінген. «Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын бір ай ішінде аяқтау жөнінде тапсырма берген. Сонымен қатар алдағы қыс кезінде жолды күтіп ұстауға дайындық ісі де пысықталуда», деді аймақ әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов.

***

«Ұлт әдебиеті – жастар көзімен». Осындай атаумен өткен жас қаламгерлердің онлайн кездесуінде балалар әдебиеті, анимациялық фильмдерді көбейту мәселесі талқыланды. Кездесуді Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті ұйымдастырды. Балалар тілінде сөйлей алатын, олардың санасына ұлттық дәстүрді қалыптастыра алатын шығармаларға зәруміз, – дейді комитет төрағасы Әділбек Қаба. Кездесуде, әсіресе, кітап шығару мен тарату, классификациялау, балаларға арналған шығармаларға қойылатын талаптарды әлемдік дәрежеде саралау қажеттілігі айтылды. Жас жазушылардың ұсыныстары бойынша арнайы шешім қабылданады, дейді Тіл саясаты комитетінің төрағасы.

***

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінде әйелді өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 19 қазан түскі уақытта «102» пультіне Шымкент қаласы 18-шағынауданындағы пәтерлердің бірінен белгісіз әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында оның Түркістан облысының тұрғыны екендігі анықталды. Сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйелді буындырып өлтіргені белгілі болды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 30