Іздеу

«Қайырымдылық керуені» байқауына өтініш қабылдау жалғасуда

Мемлекет басшысы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы ақпарат берілді. Күнсұлу Закарьяның мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда институттың базасындағы бес платформада коронавирусқа қарсы вакциналар дайындалуда. Институт әзірлеген белсенді емес вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мақұлданып, клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті және қазіргі уақытта Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығында зерттеудің екінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Президентке Қазақстанда бұрын-соңды болмаған иммундық препараттар шығаратын зауыт құрылысы туралы да мәлімет берілді.

***

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірге 8 жылжымалы медициналық кешен жеткізілгенін хабарлады. » Олар аудандарға жiберiледi», – деп жазды өңiр басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.⠀ Көшпелi кешенде 7 кабинет бар. Дәрiгерлер қабылдау өткiзiп, анализдер қабылдайды. Ауылдықтар УЗИ мен ЭКГ тексерiсінен өте алады. Кешенде рентген аппарат орнатылған. Акушер-гинеколог кабинетi, зертхана да бар.⠀ «Дәрiгерлер шалғайдағы ауылдарға барып, тұрғындарға жан-жақты медициналық көмек көрсетедi», – дедi Құмар Ақсақалов.

***

10 мұнай-газ учаскесі жер қойнауын пайдаланушылар үшін аукционға шығарылады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова айтып берді.

«Қатысушылар сайтта тіркеліп, номер алады және аукцион залына электрондық аукциондар өткізілгенге дейін бір сағат бұрын кіреді. Бұл өте маңызды, өйткені олар аукцион кезінде кірмесе, аукционның өтпеуі мүмкін. Аукцион бағаны көтеріп отыру арқылы өтеді», – деп түсіндірді ведомство өкілі. Егер сауда-саттық жеңімпазы 20 жұмыс күні ішінде қол қою бонусын төлемесе, келісімшарт автоматты түрде бұзылады.

Жаңа ережелер бойынша алғашқы аукцион 23 желтоқсанда өтеді.

***

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы мақта алқаптарында жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда диқандардың қоймасына 115 мың тонна мақта жиналды. Өңірлік коммуникациялар орталығының мәліметінше, мақтаның өнімділігі гектарына 23,6 центнерден түсіп отыр. Шаруалар бірінші терім жұмыстарын бірнеше күнде толығымен аяқтайды. Ауданда биыл 48 943 гектар аумаққа мақта дәні себілген. Жетісай ауданында мақта түсімділігі жағынан Атамекен ауыл округі көш бастап келеді.

***

«Қайырымдылық керуені» байқауына өтініш қабылдау жалғасуда.

Ол 15 желтоқсанға дейін созылады. Игі іс-шараға кез-келген адам қатыса алады. Басты талап – үміткер әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге айрықша атсалысуы қажет. Жеңімпаздар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында» және «Қайырымдылық тарихы» аталымдары бойынша марапатталады. Жеңімпаздардың есімі келер жылы Алғыс айту күні қарсаңында жарияланады деп жазады 24 кз сайты.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 53