ПТР-тесттілеудің бағасы 22% арзандайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі
Алексей Цой айтты. «Нарықта шығыс материалдарының бағасы арзандағандықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-зерттеу тарифін 22% төмендетуді ұсынды. Жеке қорғаныс құралдары мен тест бағасы арзандайды. Тариф осы айдың соңына дейін бекітіледі», – деді ведомства басшысы. Сондай-ақ, ол қазір зертханалар тәулігіне 48 мыңға жуық тест жасай алатынын жеткізді.
***
Елде Карантиндік бақылау күшейтілді. Елге келген адамдар термометриядан өтіп,
оларда ПТР тест анықтамасы болуы шарт. Болмаса- олар зертханалық текстеру жүргізу үшін екі тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
***
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 6 қазаннан бастап ҚР
Мемлекеттік шекарасын автомобильдік өткізу пункттері арқылы 33 600 ел азаматы мен шетелдік, оның ішінде 10 051 жолаушы өтті, 3 322адам карантиндік стационарларға орналастырылды, оның 60-тан астамында індет анықталды. Халықаралық авиарейстермен 14 832 жолаушы келді, оның 3 051-і тестілеуден өтті. Нәтижесінде 9-ның қауіпті індет жұқтырғаны белгілі болды.
***
Нұр-Сұлтанға бүгін түнде халықаралық рейстер бойынша тағы 4 ұшақ ұшып келді.
Air Astana, Turkish Airlines пен Flydubai әуе компаниялары орындаған рейстермен 569 жолаушы ұшып келіп, оның 118-де ПТР анықтама болмаған. Олардың бәрі осы себепті карантин стационарына жатқызылды. ПТР-тестілеуден өткеннен кейін олар үйлеріне қайтарылады. Ал тест қорытындысы коронавирус жұқтырғанын көрсетсе, ондай жолаушылар инфекциялық стационарға барады.
***
Өткен тәулікте елімізде коронавирус белгілері бар пневмониямен 321 адам
ауырып қалды. 3 адам көз жұмды. Тағы 269 адам ем-дом қабылдап жазылып шықты. 1 тамыздан бергі статистикаға сәкес бұл ауруға 35 234 адам шалдыққан, 373 адам қайтыс болды. 27 978 ел азаматы жазылып шықты.