Іздеу

ПТР-тестілеу 9000 теңгеге дейін арзандады

ПТР анықтамасы жоқ 3 шетелдік депортацияланды. Бұл туралы ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов айтты. Оның сөзінше , 19 қазан түнде 10 халықаралық әуерейспен 1 136 жолаушы келген. Оның 198-і анықтамасыз келген. «Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР сараптама тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларында карантиндік стационарға жатқызылды. COVID-19-ға арналған жедел тесті тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ 3 шетелдік – Ресей, Өзбекстан, Армения азаматтары депортацияланды», – деді ол.

***

«INVIVO» және «Олимп» зертханаларында ПТР-тестілеу қызметінің бағасы 9000 теңгеге дейін арзандады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР тест бағасы төмендетілетінін айтқан еді. « болжамды түрде 11 мың теңгеден 8 900-ге дейін төмендеуі тиіс. Бұл бағытта тиісті есеп-қисап жүргізілуде. Қажетті қадамдарды саладағы қауымдастықтармен, «Атамекен» ҰКП-пен пысықтап жатырмыз», – деген еді ведомства басшысы.

***

20 қазаннан бастап Қостанай облысында шектеу шаралары қайта енгізіледі. Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша жедел штабты жинады. Отырыс барысында карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. Алдағы күндерден бастап қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін сағат 23.00 дейін қысқартылады. Демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынады, азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық моншалардың жұмысы тоқтатылады.

***

Еліміздің барлық өңірі бойынша тағы ең мұқтаж 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. Бұл туралы «Nur Otan» патриясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты. «Елбасы тапсырмасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры төлем жасаудың 5-ші толқынын аяқтады. Еліміздің барлық өңірі бойынша тағы ең мұқтаж 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. Сонымен, барлығы 650 мыңнан астам отбасы немесе 2,2 млн қазақстандық тікелей қаржылық қолдаумен қамтылды», – деп жазды Б.Байбек желідегі парақшасында. Сондай-ақ, ол қор қаражаты есебінен 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қолдау көрсетілгенін, су басудан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына 20 жаңа үй салынғанын жеткізді.

***

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының екі қаласында жергілікті халықты вакциналау науқаны басталды. Вакцина еріктілерге салынады. 18-ден 59 жасқа дейінгілерге вакцинация алуға рұқсат етілген.

***

Вакцинация жоспары екі сатыдан тұрады. Бір дозаның бағасы шамамен 30 доллар. Вакцинациядан бұрын екпеге жазбаша келісім беріп, жанама әсерлер туындаған жағдайда медициналық сақтандыруды рәсімдеу керек деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 24