Іздеу

ПТР-тест бағасы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді

 

Бүгіннен бастап Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді. Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтілді. Петропавл қаласының периметрі бойынша 5 блокбекет қойылды. Сонымен қатар, Қостанай облысында да карантин шаралары қайта күшейді. Бүгін өңірде 12 санитарлық бекет орнатылды. Ол аумақтарға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы барды. Оның айтуынша, соңғы күндері облыста эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Сонымен қатар Бүгіннен бастап Павлодар қаласына адамдар себепсіз кіре алмайды. Қаулыға сәйкес аймаққа кіре берісте блокбекеттер қойылды.

***

Ертеңнен бастап Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары қатаңдатылды. Ол қарашаның 23-іне дейін жалғасады. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың қаулысына сәйкес Орал қаласына және облыс аудандарына кіріп-шығатын жерлерге санитарлық бекеттер орнатылады. Жұмыс бабымен жүретіндерге олардан кедергісіз өту үшін жұмыс берушінің мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болуы керек.

***

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зертхана қызметтері мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді.

Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді. «Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгілесе, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті. Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңгеге дейін төмендетті.

***

Елордада жыл басынан бері медициналық сақтандыру үшін 21,9 млрд теңге түскен. Бүл туралы Әлеуметтік медсақтандыру қорының астана филиалы хабарлады. «Осы жылдың қазан айында 2,5 млрд теңге жарна аударды. Олардың қомақты бөлігі – 1,5 млрд теңге жұмыс берушілердің аударымдары, ал 920 млн теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлерден түскен жарна. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) негізінде түскен жарна 8,4 млн теңге.

***

Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты. «Алдағы күндері еліміздің басым бөлігіне циклон әсер етеді. Елдің оңтүстік және шығыс бөлігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын түседі. Басым бөлігінде жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі», – делінген хабарламада. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан , Қостанай облысында тұман түседі. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау , Павлодар , Атырау облысында қатты жел соғады. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі. Ал Түркістан облысында жаңбыр соңы қарға ұласып, тұман түседі, қатты жел соғады.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 81