Іздеу

Павлодарда мектеп карантинге жабылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Нүсіпова Әсем Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Әмрин Азамат Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

***

Бүгін Мәжіліс депутаттары Үкіметтің 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы үш жылдық бюджет жобасында пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілгенін атап өтті. Сонымен қатар, экономиканы дамыту, әлеуметтік міндеттер, денсаулық, білім, еңбек салаларына ерекше назар аударылған. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулиннің айтуынша Үкіметтің де, барлық мемлекеттік органдардың да негізгі жұмысы бөлінген қаражаттарды жоспар бойынша өз уақытында, ашық, сапалы және нәтижелі пайдалану. Айта кету керек, депутаттар бюджет жобасын әзірлеу барысында күрделі экономикалық жағдайларды ескерді.

***

Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясы Президенттің бүгінгі сайлау туралы Жарлығына қатысты мәлімдеме таратты. «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстандағы жетекші саяси ұйымдардың бірі ретінде аталған сайлауға өзінің қатысатынын мәлімдейді. «Ақ жол» демократиялық партиясы алдағы уақытта да Қазақстанның ұлттық мүдделеріне, парламенттік институттарды енгізуге, нарықтық экономиканы дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуге қызмет ететін болады.

***

Павлодарда мектеп карантинге жабылды. Коронавирус инфекциясы бастауыш сыныпта оқитын үш оқушыдан және бір мұғалімнен анықталған, деп жазды 24 кз сайты. Осыған орай санитарлық дәрігерлер білім ордасына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Кезекші сыныпқа баратын барлық оқушы қашықтан оқуға көшірілді. Олардың бәрінен коронавирусқа қарсы сынама алынды. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы жақсы, амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы оқу жылы басталған қыркүйек айынан бері вирус өңірдегі төрт балабақша мен екі мектепте тіркелген.

***

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылдың 9 айында 78 млн тонна көмір өндірді , бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99%. Еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарына 42 млн тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 6,3 млн тонна көмір жөнелтілді. Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен толық қамтамасыз етті. Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған, көмірге тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 32