Іздеу

Мәжілісте қарыздық еңбекті реттеу туралы заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжілісте депутаттардың бастамасымен әзірленген қарыздық еңбекті реттеу туралы заң жобасы мақұлданды. Құжат қарыздық еңбек саласында еңбек етуші азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған. Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қай кезеңде де еңбек мәселесі өте маңызды екенін айтып, бұл саланы әрқашанда, заң деңгейінде қорғау үшін дер кезінде нақты қадамдар жасалып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, заң жобасында қарыздық еңбекті реттеу туралы нормалар енгізілген. Бұл азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік жағдайын сақтау жолындағы тағы бір жаңа мүмкіндік.

***

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ. «Бәрі эдидахуалға байланысты. Егер жағдай қиындаса, енгізілуі мүмкін. Бірақ біз қызметтер мен халықтың жауапкершілігі арқасында елде тұрақтылықты сақтаймыз деген үміттеміз», – деді министр брифингте журналистер сұрағына жауап бере отырып. «Егер тұрғындар маска тағу режимін сақтамаса, адам көп жиналған жерге баруды қоймаса, қатаң карантин шаралары қайта енуі мүмкін», – деп түйіндеді Цой.

***

Алматы әуе рейсімен келген Қазақстанның 4 азаматынан коронавирус табылды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов Facebook парақшасында жазды. «Осы жылдың 13 қазанында Алматыға Антальядан әуе рейсімен келген 1 және Шарм-эль-Шейхтен келген 3 азаматымыздан екікүндік карантин кезіндегі тестілеу нәтижесінде коронаирус анықталды. Барлық азаматтар COVID-19-ға арналған сараптама тапсырғаны туралы ПТР анықтамасыз келген. Оларға қажетті емдеу және эпидемияға қарсы шаралар белгіленген тәртіппен жүргізіліп жатыр», – дейді Садуақас Байғабылов. Оның дерегінше, 14 қазанда түнде елімізге 9 рейспен 1 052 жолаушы келген. Оның 862-сінің анықтамасы бар, ал 190-ында анықтама жоқ. Анықтамасы жоқ жолаушылардың барлығы ПТР тест тапсыру үшін келген қалаларындағы карантин стационарына жатқызылған. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанға 5 рейспен келген 533 жолаушының 118-інде, Алматыға 3 рейспен келген 428 жолаушының 62-сінде және Ақтауға 1 респен келген 91 жолаушының 10-ында ПТР тестін тапсырғаны туралы анықтама болмаған.

***

Оқу жылы басталғалы 184 оқушы коронавирус жұқтырған. Кезекші сыныпта оқитын 73 баладан вирус анықталған. Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты. Вирус жұқтырғандардың көбі қашықтан білім алып жүргендер. Кезекші сыныптағы 73 бала мыңнан астам адаммен байланыста болған. Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында оқушылардың вирус жұқтыру көрсеткіші жоғары. Қалған өңірлерде 2-3 деректен тіркелген.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 17