Іздеу

Коронавирустың екінші толқынына дайындық жасалуда

 

Алматы ауруханаларында коронавирустың екінші толқынына дайындық жоспары жасалды. Алматыдағы № 8 қалалық емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаеваның айтуынша, емханада коронавирус инфекциясымен күрес бойынша арнайы штаб құрылған. «№8 емханада КВИ ауруының симптомсыз, жеңіл, орташа түрі бар науқастарды медициналық бақылау бойынша 12 мобильді топ құрылды. Мобильді бригадалар нормативтік талаптарға сәйкес жабдықталған. Бүгінгі күні мониторингте симптомсыз 2 науқас бар»,– дейді Фарида Ағыбаева.

***

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс барысымен Тараз қаласындағы денсаулық сақтау нысандарын аралады. Аймақ басшысы Тараздағы көпбейінді аурухананың инфекциялық блогын қарап шықты. Кезінде перинаталдық орталық болған ғимарат біраз уақыт бос тұрған еді. Енді қазір мұнда күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Жоба бойынша, мұнда 200 төсек орынған арналған инфекционды стационар болмақ. Қазіргі уақытта 100 медициналық функционалды кереует сатып алынды. Сондай-ақ, оттегі станциясы, компьютерлік томограф, 50 медициналық функционалды кереует және 30 реанимациялық төсек сатып алу көзделіп отыр.

***

Қыркүйектен бастап тұрғын үй секторында 1 300-ден астам өрт оқиғасы болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин айтты. «Тұрғын үй секторында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Жылу беру маусымы басталғанға дейін 15 тамыздан бастап тиісті шаралар атқарылды. Осы орайда халық арасындағы әлеуметтік осал топтардағы 118 мыңнан астам тұрғын үйі есепке алынды. Өңірлік әкімдіктер, ішкі істер органдары, әлеуметтік қамту, білім беру және денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп 87 мыңнан астам үйді (74 пайызы) аралап тексеру жүргізілді. », – деді Ю. Ильин. Жылыту маусымына дайындықты ескере отырып, 417 жылу энергиясымен қамтамасыз ету және 4 322 білім беру нысанына тексеру жүргізілді.

***

Елімізде өткен 10 айда баға азық-түлік тауарларына – 8,3, азық-түлік емес тауарларына – 4,5, ақылы қызметтерге 3 пайызға қымбаттады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті. Ведомство мәліметінше, қазанда жұмыртқаға – 10,3, күнбағыс майы – 6,3, сүт – 1,4, шайға – 1 пайызға , Темекі өнімдері – 1,8, салқындатылған сусындар 0,6 пайыз қымбаттады. Кеңсе тауарлары мен дәрі-дәрмек ба5асы – 0,8 пайызға өсті.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 67