Іздеу

Коронавирус балалар үшін де қауіпті

«Баспана хит» ипотекалық несиелеу бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Енді бағдарламаға үлестік құрылыс кіреді, салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға рұқсат етіліп, сатып алынған тұрғын үйдің шекті құны көтерілді. Яғни, бастапқы тұрғын үйден басқа қайталама нарықта да баспана сатып алуға болады. Бастапқы жарна – 20%-дан бастап, қарыз мерзімі –15 жылға дейін. Сондай-ақ, тұрғын үйдің болмауы бойынша талап қойылмайды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында бастапқы нарықта сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құнының лимиті 25 млн теңгеден 35 млн теңгеге дейін, Шымкент қаласында 25 млн теңгеге дейін, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. «Баспана Хит» бағдарламасының клиенттері қазірден бастап жаңа шекті бағалармен ипотека рәсімдей алады. Ал үлестік қатысу шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға несие беру мерзімі кейін хабарланады. Қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде.

***

Сауда және интеграция министрлігі елімізде өндірілген тауарды экспорттаушылар үшін тиімді жағдай жасайды. Ведомство басшысы Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қазір бірнеше банкпен бірлесіп, пилотты жоба жүзеге асуда.

***

Коронавирус балалар үшін де қауіпті. «Instagram» желісіндегі елорда әкімдігінің ресми парақшасында №1 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жоғары санатты педиатры Әсел Шаймердинова осылай деді. Бірінші толқын көрсеткендей, балалар ересектерге қарағанда аз ауырды, олар үшін ауру жеңіл өтеді. Егер даму ақаулары, эндокриндік бұзылулар, аллергиялық аурулар, онкологиялық патология, иммунитет тапшылығы жағдайы сияқты ілеспе аурулары бар болса олардың індетке төтеп беруі дені сау балаларға қарағанда қиын болады», – деп ескертті педиатр. Алайда, ата-аналарға баланың аурудан кейінгі жағдайына назар аудару ұсынылады, өйткені мульти қабыну синдромы пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда, бірқатар тексерулер жүргізу және белгілі бір ем тағайындау үшін міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет,-дейді дәрігер.

***

Осы аптаның басында Финляндиядан көп мөлшерде ылғал ала келетін циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райына әсер етеді. Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болып, қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ кейбір өңірлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді. Солтүстік аймақтарда қар жауады. Тек аптаның ортасына қарай батыстан соққан антициклон республиканың басым бөлігіне ауысып, температураның төмендеуі күтіледі. Батыста үш күн бойы жауын-шашын болмайды»,- деп болжайды синоптиктер.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 44