Іздеу

Kaspi банк: Клиент шотындағы қаражат жоғалмайды

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар үшін шоттан шешіліп, қолға берілетін ақша көлеміне шектеу енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Бұл банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттік кірістер органдарына белгіленген лимиттен асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негізделген мәліметтерді ұсынатын екінші деңгейлі банктер мен ұйымдардың міндеттемесінде қарастырылған. Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасағанда салық төлеушілер бұл ақпаратты ескеруі керек, -деп хабарлайды zakon.kz.

*****

Бүгін Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау туындады. Салдарынан клиенттердің шоттарындағы қаржы көлемі қате көрсетілуде. Өкінішке қарай, картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша шешу, толықтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қожетімсіз. Компания барлығын тез арада қалыпқа келтіру үшін жұмыс жасауда, – деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екендігі туралы ақпарат тараған еді. Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз, клиенттердің қаражаты түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі, – дейді баспасөз қызметі.

*****

ШҚО-да интернет алаяқтардың арбауына түскендер 1,5 есе артты. Аймақтық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, карантин уақытында ғаламтор арқылы тауар сатып алатындар саны күрт өсті. Мұны киберқылмыскерлер ұтымды пайдаланған. Осының салдарынан интернеттегі алаяқтардың тұзағына түскендер 1,5 есе артты. Әрбір екінші қылмысты облыстан және республикадан тыс жерде отырғандар жасаған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 50 алаяқ ұсталып, олардың 107 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталып отыр.

*****

Өткен тәулікте 274 адамнан КВИ белгілері бар пневмония анықталды. Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметі бойынша, аурудан 1 науқас көз жұмған. Оған қоса 68 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы 37205 адам пневмонияға шалдыққан, оның ішінде 396 науқас қайтыс болып, 28616 адам жазылып, үйлеріне шығарылды.

*****

Алматыда эпидемияға қарсы шаралардың орындалуы бойынша ұйымдар мен нысандарға тексеру күшейтілді. Осы мақсатта аудандық әкімдіктер жанында 26 мониторингілік топ бар. 8 қазаннан бергі кезеңде мониторингілік топтар 1972 нысанды қамтыды. Олардың ішінде 493 объектіде карантиндік, соның ішінде маска режиімінің бұзылуы анықталды. Жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 128 хаттама толтырылды. Санитарлық ережелерді және шектеу шараларын жүйелі түрде және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар аумақтық прокурорларға беріледі.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 51