Іздеу

Елордада жалған куәлік бергендер ісі тергелуде

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарына Мәжіліс мүсіншесі мен дипломдарды табыстады. Биыл төртінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі парламенттік сыйлықтың қорытындысы жаз мезгілінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында шыққан. Алайда карантинге байланысты лауреаттардың дипломдарын тапсыру рәсімі күзгі парламенттік сессияға ауыстырылды. «Парламент сөзі» сыйлығының «Арнайы репортаж» номинациясын «Қазақ радиоларынан» Қымбат Досжан алды. Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасының бастамасымен биыл «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы» номинациясы дүниеден өткен белгілі журналист, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің құрметіне беріліп, ол журналистің жарына табысталды.

***

Елордада автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған куәлік бергендер ісі тергелуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, қалалық мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған куәлік беруді ұйымдастырған күдіктілер тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. «Тергеу амалдары барысында мектепті аяқтағаны туралы қолтаңба мен мөр басылған куәліктердің бланкілері табылды. Біз осы адамдарды анықтаумен айналысудамыз. Бізде 3 мыңнан астам осындай заңсыз куәлік берілген», – деді Нұр-Сұлтан қалалық департаменттің басшысы Шыңғыс Қабдула. Бұдан бұрын хабарланғандай, 9 айда департамент тарапынан 177 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

***

Ақмола облысында қосалқы станция салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап. Қылмысты «Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ашқан. Аудандық әкімдік бөлімінің басшылары басқарған бір топ азамат қосалқы станция салуға бөлінген 700 млн теңгені ұрлаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

***

Ақтау қаласындағы туыстарының үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 15 жастағы ақтөбелік қыз Атырау қаласынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Шараның алғашқы үш күнінде түнгі сағат 23:00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген 94 жасөспірім анықталған. 27 қазанда полицияға Маңғыстау облысынан жасөспірімнің ізделіп жатқаны туралы хабар жіберген. Атыраулық тәртіп сақшылары қызды Құрсай ықшамауданындағы нағашы әжесінің үйінен тапты. Тексеру кезінде Ақтөбе қаласында тұратын 15 жасар жасөспірім Ақтау қаласындағы туыстарының үйіне барған. Туыстарына айтпай, таксимен Атырау қаласына келгені анықталды.

***

Халықаралық дзюдо федерациясы Будапештте аяқталған «Үлкен дулыға» турнирінің қорытындысы бойынша жаңа рейтингті жариялады. Жарысқа әлемнің 69 елінен 459 спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жарыс қорытындысы бойынша еліміздегі Армия орталық спорт клубының спортшысы ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтегі үздік дзюдошылардың арасында жетінші орында тұр.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 59