Іздеу

Елордада балаларға кәсіпкерлік негіздері үйретіледі

 

ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады. Бұл құжат нәтижесінде – азаматтық туралы ақпарат ұсынылып, елдер арасында заңсыз көші-қонмен күрес жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Сенаттың кезекті отырысында баяндама жасаған ІІМ Ерлан Тұрғынбаев айтты.

***

Қазіргі уақытта елде коронавирус инфекциясынан 5 223 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 340 – бала. Стационарларда 2 572 науқас жатыр. 2 651 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 148 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 25 науқас ауыр халде жатыр. Тағы 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

***

Шығыс Қазақстан облысында иммундық плазманың 3 мыңнан астам дозасы жиналған. Бұл жайлы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды. «Қазіргі таңда өңір бойынша иммундық плазманының 3063 дозасы жиналды. Енді оны кезең-кезеңмен қолдану жұмыстары жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін Семейде 41, Өскеменде 72 доза қолданылған. Сондай-ақ Алтай ауданының алты науқасына 12 доза салынды», – деді ол. Аймақ басшының айтуынша, бүгінде облыстың инфекциялық бөлімдерінде ем қабылдап жатқан 37 науқас ауыр халде жатыр, оның үшеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» кірген болатын.

***

Елордада ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кәсіпкерлік негіздері үйретіледі. Олар Тегін оқу курстарына жіберіліп, қайтарымсыз гранттарға ие болады. Әлеуметтік жоба Мақсаты: мектеп-интернатты тәмамдағандарды қамқорлықсыз қалдырмау, қоғамда өз орындарын табуына көмектесу. Қазірдің өзінде жобаға 250-ге жуық бала қатысып, әлеуметтік мәртебесін айқындады деп жазады 24.kz.

***

Бүгін елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу басталды. Ол ертең де жалғасады. Жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 72