Іздеу

Еліміздің шекара қауіпсіздігі күшейтіледі

 

Қазақстан эпидемиологиялық ахуалдық ушуғуына байланысты шекарадағы қауіпсіздікті күшейтетін болды. Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізген Асқар Мамин осылай деді. Қазір COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны күніне 0,4 пайызға өсіп жатыр. Инфекциялық ауруханалар 22, реанимациялар 18 пайызға толған. Осыны ескере келе, Қазақстанда тұруға ыхтияр хаты барлар мен Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелеріне шекарадан 30 күнде емес 90 күнде бір өтуге рұқсат етіледі. Мамыр айына дейін 57 елмен визасыз режимді тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Қытай мен Үндістан азаматтарының 72 сағаттық визасыз режимі де жыл соңына дейін тоқтатылады. Сондай-ақ 9 қарашадан бастап Түркия мен арадағы рейс 33 тен аптасына 20 рейске дейін қысқартылады.

***

9 қарашадан бастап Петропавл қаласында қайтадан блокбекеттер орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Күн сайын науқастар саны 10-нан асқан елді мекендерге де кіріп-шығуға қатаң тыйым салынады. Алматы – Петропавл бағытындағы пойыз аптасына тек үш рет қатынайды. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жергілікті билік өкілдеріне осындай тапсырмалар жүктеді. Себебі эпидемиологиялық ахуал өңірде уақыт өткен сайын күрделеніп барады. Аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда үйлерінің жұмыс уақыты сағат кешкі 21:00-ге дейін қысқартылады. Демалыс күндері азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары мен спорт нысандары жабылады. COVID-19 індетін жұқтырғандар саны өткен аймен салыстырғанда 4,7 есе өскен. Сапар барысында Ералы Тоғжанов 200 орындық жаңа модульдік инфекциялық аурухананың ашылу рәсіміне қатысты.

***

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны және талаптарды елемегені үшін «Парковочное пространство» ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берді. «Заңды негізі жоқ кәсіпорын (Нұржол бульварын қоспағанда) қаланың жол желісі бойына паркоматтар, жол белгілері мен ақпараттық тақталар орнатқан. Жабдықты демонтаждау қажеттілігі туралы «Парковочное пространство» ЖШС-на бірнеше рет ескертілгенімен өтініш еленбеді. Сонымен қатар тексеру кезінде комиссия қоғамдық көлік тұрақтары үшін төлемдердің заңсыз жиналғанын анықтады«, – делінген әкімдіктің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратта. Осыған бай̆ланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік иелері шығындарын өтеу мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментіне хат жолдаған. Еске сала кетей̆ік, көшелер мен даңғылдарды кептелістен арылтуға арналған ілкі жоба 2018 жылдың 15 қаңтарында Нұржол бульварының аумағында басталды. Жоба жеке серіктестік қаржысына жүзеге асырылды. Болашақта паркоматтардың санын кеңей̆ту жоспарланған. Алайда «Парковочное пространство» ЖШС тарапынан бірнеше рет заңбұзушылық орын алуына және тұрғындардың шағымдарына байланысты елорда әкімдігі жобаның кеңеюін тоқтата тұру шешімін қабылдады. Келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берілді.

***

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында Латвияның «Динамо» командасын жеңді. Елордада кеше өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Енді «Барыс» 8 қарашада Ресейде Череповец қаласының «Северсталь» командасымен кездеседі. Одан кейін 10 қарашада сол елдің Ярославль қаласында «Локомотив» командасымен шеберлік байқасады. Елордалық клуб соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіліске ұшырап, соңғы ойында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубынан басым түскен болатын.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 69