Іздеу

Елімізде маска артығымен жасалуда

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті. Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қос тарап Қостанай қаласында көпбейінді аурухана салу туралы меморандумға қол қойған. Бұл мақсатта биыл жалпы ауданы 20 гектар жер учаскесі бөлінді. Нысанның қуаты – 400 кереует-орын. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен жүзеге асырылады. Жаңа аурухананың стационары бірнеше бөлікке жіктелген. Жаңа көпбейінді аурухана ең заманауи медициналық техникамен жабдықталады.

***

Елімізге коронавирус індетінің екінші толқыны келеді деп болжануына байланысты маска артығымен жасалып жатыр. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлім етті. «Масканы әр адам әртүрлі қолданады. Біреулер талапқа сай пайдаланса, кейбіреулер бір маскамен 2-3 күн жүреді. Бізде қазір масканың 2 түрі бар, бірі – медициналық, екіншісі – қорғаушы маска. Қорғаушы маска тіркеу куәлігі сынағынан өте алмады. Сондықтан да оның бағасы арзан. Яғни медициналық маска – 60 теңге болса, қорғаушы маска 40 теңге тұрады», – деді Есқалиев. Оның айтуынша, «СҚ Фармация» қоймасында маска қоры сақталмайды, яғни шығарушы ұйымдар медициналық мекемелерге тікелей жеткізеді.

***

329 қазақстандық елге ПТР анықтамасыз ұшып келді. « түнде Шарм-эль-Шейхтан ПТР анықтамасыз ұшып келген Нұр-Сұлтан қаласының 2 тұрғыны ПТР сараптама тапсыру үшін карантинге апаратын арнаулы автобусқа отырғызу барысында әуежайдан кетіп қалған. Көліктегі полиция қызметкерлері олардың тұрғылықты жерлерін анықтап, карантиндік стацонарға жеткізді», – деп жазды ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов Facebook парақшасында. Өткен түнде елімізге 11 рейспен 1291 жолаушы ұшып келді. Жолаушылар Түркия, Мысыр, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден халықаралық әуе рейстерімен келді, – деді Садуақас Байғабылов.

***

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі жаңа шағынауданда салынып жатқан үйлердің құрылысын сынады.Бұл жайлы аймақ басшысы Instagram парақшасында жазды. «Нұрлы жол» жаңа шағын ауданындағы жаңа 16 және 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылыс қарқынын тексердім. Өкінішке қарай, мердігер компания жоспарланған 70 мың шаршы метрді мерзімінде пайдалануға бермейді деп ойлаймын. Оны осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстың көлемінен бағалауға болады. Қала басшысы Жақсылық Омарға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды», – деп жазды облыс әкімі.

***

Жексенбі күні елордада қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы «City Transportation Systems» хабарлады. 26 қазанда автобустар жұмысын жалғастыра бастайды. «Тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға және автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынғанын ескертеміз. Жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы ғана төлеуге болады», – деп делінген хабарламада.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 39