Іздеу

Елімізде кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіледі?

 

Елімізде карантин жағдайына байланысты қазақстандық кәсіпкерлерге қандай көмек көрсету қажеттігі сараланды.

Коронавирус індеті етек жайып, карантин жағдайы енгізілгелі біз қазақстандық кәсіпкерлердің басты проблемасы мен ұсыныстарын айқындадық, – дейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов. Ол алдымен салық, несие төлеу мерзімін шегеру, коммуналдық және жалға алу төлем мерзімін ұзарту. Сондай-ақ, жұмыссыз қалған қызметкерлерге төлемақы беру. Одан бөлек, отандық кәсіпкерлер төмен пайызбен қайта қаржыландыру мен несие беруді сұрайды», – деді Абылай Мырзахметов. Оның мәлімдеуінше, бүгінде 1 млн-ға жуық кәсіпкер немесе еліміздің бизнес саласының 70% пандемияның зардабын тартты. Ііндет одан әрі етек жайған жағдайда ұлттық палата үкіметпен бірлесіп кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама әзірлейтін болады.

***

Алматы мұғалімдері кешіккен үстемеақысын 10 қарашаға дейін алады. Осылайша, қала әкімдігі ҚР БҒМ біріге отырып педагогикалық шеберлік үшін төленетін үстемеақы мәселесін шешті. Қалалық Білім беру басқармасынан хабарлағандай, министрлік тарапынан осы мақсатта республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Бүгінде қалада 8100 мұғалім жергілікті бюджеттен 25 пайыздық қосымша үстемеақы төленді. Ал, 15 мың мұғалімге үстемеақы берілмеген болатын. Қалалық басқарма республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы өтінім берді. Министрлік тарапынан өтінім мақұлданды. Енді барлық ұстаздарға тамыз-қыркүйек айындағы үстемеақысы 10 қарашаға дейін төленетін болды.

***

Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют санаторлық мектеп-интернатының төрт оқушысында коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы интернат оқушыларын жаппай ПТР тестен өткізу кезінде белгілі болды. Осылайша екі оқушыдан қауіпті вирус расталса, тағы екеуінен инфекциялық бөлімшеге емдеуге жатқызу кезінде анықталды. Олар ауруханаға жіті респираторлық вирустық инфекция және энтеровирустық инфекция белгілерімен түскен. Тексеру кезінде балалармен 17 адамның байланыста болғаны анықталды. Олардың барлығы медициналық бақылауға алынып, ошақта дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

***

Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандар арасында зейнеткерлер саны көбейіп отыр. Аймақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, өңірде соңғы кезде індеттің өсе түскені байқалады. Ауырғандардың 47,6 пайызы –зейнеткерлер. Бұл тұрғындар арасында той, садақа сияқты көпшілік шараларға барудың тыйылмай отырғанын көрсетеді. Ресеймен шекарадағы төрт автоөткелде санитарлық талаптар күшейтілгелі бері COVID-19-ға анықтамасы жоқ 738 адам екі күнге карантиндік стационарға жатқызылып, соның 18-інен індет табылды. Сонымен қатар 26 қазаннан бері халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын ПТР анықтамасы жоқ жүргізушілерді тексеру басталды. Анықтамасыз өткен 544 жүргізушіден сынама алынып, соның үшеуі коронавирус жұқтырған болып шықты. Үшеуі де – Орал қаласының тұрғындары.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 60