Іздеу

Елімізде 78 елді мекенде құс тұмауына орай карантин енгізілді

Карантин режимінің енгізілуіне байланысты шамамен 11 мың салық төлеушінің іскерлік белсенділігі құлдырады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Дегенмен, министр жоспар пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық пен шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша асыра орындалғанын жеткізді. Сонымен қатар салықтық емес түсімдер де 154 млрд теңгеге артығымен орындалған. Ал, өңірлерде қаржы тиісті деңгейде игерілмей отыр, – дейді министр.

Асқар Мамин барлық өңір Президент тапсырмаларын тиімді іске асыру үшін жұмысты жандандыруы керектігін айтты. Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары бұрынғыдай артта қалған өңірлердің қатарында. Бұл негізінен мұнай-газ секторындағы өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты. Осы облыстардың әкімдері жағдайды жақсарту үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет», – деді Үкімет басшысы.

Еліміздің 7 облысының 78 елді мекенінде құс тұмауына орай карантин енгізілді. Бұл ретте індет расталмаған өңірлер бар. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолдановтың айтуынша, бүгінде 15 мыңнан астам құс басына құжаттар дайындалып, иелеріне 75 млн тенгеден астам өтемақы төленген.

Атырауда коронавирусқа байланысты еңгізілген карантиндік шектеу шаралары ұзартылды. Аймақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойған қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтандыру объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері тек сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал, демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жабылады. Жабық азық-түлік және басқа да базарлардың жұмыс жасау уақыты сағат 17.00-ге дейін қысқартылды. Жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорт секциялары, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылып, су көлігімен саяхаттауға шектеу қойылады.

Осы подкасттан көбірек

№ 12