Іздеу

Бүгін күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі басталды

 

Сыртқы факторлардың ықпалына және пандемияның таралуын шектеу шараларына қарамастан, Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты. «Жыл басынан бері облыс экономикасын дамытуға 547 млрд теңге инвестиция салынды. 24 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан аспайды», – Даниал Ахметов.

***

Жыл соңына дейін Қазақстандағы барлық аудандарда сервистік әкімдіктер ашылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Adaldyq alańy» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында мемлекеттік органдарды трансформациялауды жүргізіп, олардың жұмысын сервистік үлгіге көшіруде. Бүгінгі таңда ел бойынша аудандық және қалалық әкімдіктердің 163-і сервистік жұмыс форматына көшті. Ауыл және кент әкімдіктерінің 98% – ында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

***

Елде «санитариялық авиация» термині «медициналық авиация» болып өзгертілді. Медициналық авиация – бұл әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» көрсетеді. Медавиация пациенттерді тасымалдау, консультациялар мен операциялар жүргізу үшін жоғары білікті мамандарды әуе көлігімен жеткізу, телемедициналық консультациялар өткізу, сондай-ақ донорлық органдар мен биоматериалдарды тасымалдау жұмыстарын жүргізеді.

***

Бүгін Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі басталды. Балуандар бір апта бойы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен бақтарын сынайды. Еркін күрес шеберлері 20-22 қараша күндері аралығында боз кілемге шығады. Әйелдер күресі 23 қарашада өтеді. Грек-рим күресінің шеберлері 24-26 қараша күндері бозкілемде бәсекеге түседі. Qazsport телеарнасы күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының соңғы екі жарыс күнін 25-26 қараша күндері көрсетуді жоспарлап отыр.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 94