Іздеу

Балқашта күн электр стансасы іске қосылады

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске сала кетейік, 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өткен. Жиында бірқатар шешім қабылданды. Атап айтқанда, 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің саны аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарады.

***

Келер жылы 1 мамырға дейін 57 елдің азаматы елімізге визасыз кіре алмайды. Ведомствоаралық комиссия визасыз режимді тоқтата тұруды ұзарту жайлы осындай шешім қабылдады. ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарына дейін ұзартты. Сондай-ақ Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері; ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер Мемлекеттік шекараны 3 айда бір реттен артық кесіп өте алмайды. Кеңшілік уақытта ол 30 тәулік болған еді.

***

Елімізде 10 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігі қағидасы орындалмаған. Үкімет отырысында жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру нәтижесін жариялаған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай дейді. Айтуынша, елдегі төтенше жағдайлардың 92 пайызы өртпен байланысты. Жылу беру кезеңінде жағдай ушығып кетеді. Жылу беру маусымы басталғанға дейін 15 тамыздан бастап тиісті шаралар атқарылды. Осы орайда әлеуметтік осал топтардағы 118 мыңнан астам тұрғын үйі есепке алынды. Өңірлік әкімдіктермен, ішкі істер органдарының, әлеуметтік қамту, білім беру және денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп 87 мыңнан астам үй тексерілді. Оның ішінде 10 мыңнан астам үй өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзып отыр. Олар жергілікті атқарушы органдар бақылауына алынды», – деді министр.

***

Қарағанды облысында қуаты 200 Мега Ватт болатын төрт күн электр стансасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Олар осыған дейін Саран, Жезқазған, Балқаш және Ақадыр кентінің маңында орнатылған. Бүгінгі күні облыс әкімдігі «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС-мен бірлесіп, Балқаштағы «Қоңырат» шағынауданына жақын жерде қуаты 100 МегаВатт күн электр станциясын салудың тағы бір жобасын іске асыруда. Бұл күн электр станциясы жылына 170 млн киловатт электр энергиясын өндіреді. Жоба шамамен 7-8 жылдан кейін өзін-өзі ақтайды.

***

Алматыда санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы жаңа қаулы шықты. Қаулыда қазан айында КВИ жұқтыру жағдайы екі есеге, 165-тен 360 –қа дейін өскені айтылған. Коронавирус инфекциясы жағдайларына эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде адамдар індетті ұжымда, қоғамдық орындарда, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде, қоғамдық көлікте жұқтырғаны және жасы 60 асқан адамдар жиі жұқтыратыны анықталды. Құжатқа сәйкес, аптасына 3 рет кіреберістерге, көпқабатты үйлердің баспалдақтарына, тұтқаларға, қабырғаларға дезинфекция жасау; балалар ойын алаңдарын және тұрғындардың демалатын орындарын үйлердің айналасын күнделікті дезинфекциялау; қоғамдық көлік ішін соңғы аялдамада міндетті түрде дезинфекциялап, жуу керек.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 66