Іздеу

Әкімшілік әділет кодексі қолданысқа енгізіледі

2021 жылдың 1 шілдесінде Әкімшілік әділет кодексі қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов айтты. «Мемлекеттік органдар жауапкершілік алғысы келмейді. Сотқа сілтейді. Өз актілерін өзгертуге қорқады. «Сотқа барып, оның шешімін алып келіңіздер» дейді. Сондықтан біз Әкімшілік әділет туралы кодекске үлкен үміт артып отырмыз, – деді Жақып Асанов. Айтуынша, Әкімшілік әділет енгізілген елдерде мемлекеттік органдардың тәртібі мен жауапкершілігі күрт артқан.

***

«Діндегі өзекті мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде насихаттау әрі талқылау». Дәл осындай атаумен бүгін елордада журналистер мен блогерлерге семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырды. Семинар-тренинг еліміздегі конфессияаралық диалог пен келісім және діни тақырыптарды халыққа сауатты жеткізу жолдарын үйретуге бағытталған. Іс-шарада сондай-ақ мемлекеттің дінге қатысты ақпараттық саясаты, діни және аналитикалық ақпараттармен жұмыс істеу ерекшеліктері айтылды.

***

Ұлттық банк ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай монета шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясымен шығады. Номиналы 100 теңгелік монета мельхиор қоспасынан жасалған. Таралымы – 7 000 дана. Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Жұбан Молдағалиев Халық жазушысы, «Қыран дала», «Мен қазақпын», «Жыр туралы», «Сел» және басқа да шығармалардың авторы.

***

Мысырдан ПТР анықтамасыз ұшып келген және Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен екі тұрын 30 АЕК айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді. «COVID-19-ға ПТР анықтамасы жоқ, Нұр-Сұлтан әуежайынан қашқан екі елордалық ұсталды және ПТР тест өткізу үшін карантиндік стационарға жеткізілді. Аталған тұлғалар – Шарм-эль-Шейхтен келген жұбайлар, олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметшісі.

***

Ақмола облысында мониторингтік топ көліктерде сантиралық талаптардың сақталуын тексеруде. Оның ішінде жүргізуші мен жолаушының міндетті түрде маска тағып жүруі, көлік ішінде антиспетик болуы және дизенфекциялық режимнің сақталуы тексеріледі. Қоғамдық көліктерде жолаушылар саны шамадан тыс артқаны, кейбір адамдардың маскасыз жүргені анықталды. Полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды. Рейд одан әрі жалғасуда.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 40