Іздеу

Аида Балаева: Біз кәсіби журналистиканың дамуына мүдделіміз

 

Елімізде коронавирус жұқтырған 196 адамның жағдайы нашар. Қазіргі уақытта індетке шалдыққан 7 606 адам ем қабылдауда. Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 28 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

***

Теміртауда ашылған жаңа инфекциялық госпиталь науқастарды қабылдауға дайын. 200 орынға арналған стационарда бақылау мониторлары, электр сорғылары бар, орталықтандырылған желдету жүйесі орнатылған. Жаңа сандық рентген жүйесі де қойылды. Ғимарат қызыл және жасыл аймақтарға бөлінген, бұл медицина қызметкерлерінің індет жұқтыру қаупін азайтады.⠀ Сондай-ақ Теміртауда консервацияланған тағы екі госпиталь бар. Осылайша, қаланың инфекциялық стационарларындағы орындар саны 500-ден асты.

***

Ресейде «Спутник V» вакцинасын салдырған 3 дәрігерден коронавирус анықталды. Алтай өлкесінде жалпы 42 дәрігер екпе салдырған. Олардан алынған сынама үшеуінде індеттің бар екенін көрсетті. Вакцинациялаудан өткен, ауруға шалдыққан дәрігерлердің иммунитеті COVID-19 қоздырғышымен кездесу кезінде қалыптасып үлгермеген болуы мүмкін,- деп түсіндірді екпені әзірлеушілер.

***

Біз кәсіби журналистиканың дамуына мүдделіміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Astana Media Week 2020» шарасының ашылуында осылай деді. Оның айтуынша, пандемия ақпарат саласына өз әсерін тигізді. Яғни, жарнама берушілер азайып, шығарылымдардың данасы түсіп кетті. Осындай жағдайда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жабылуға мәжбүр болды. Қазір БАҚ-тар арасында оқырман мен көрермен ықыласын аудару бәсекесі жүріп жатыр. Бұл ретте біздің БАҚ жоғары біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді», – дейді министр.

***

Ал «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың айтуынша, пандемия кезінде сенімді ақпарат көзін іздеген аудитория телеарналарға оралды. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде еліміздегі жалпы телевизия көру 22 пайызға өскен.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Apple PodcastsRSSCastBoxGoogle PodcastsSpotifyWe.fo

Осы подкасттан көбірек

№ 87