Іздеу

35 жастан асқан адамдар COVID-19-ға әлсіз келеді

 

Ресей тарапының бастамасы бойынша Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Әңгімелесу барысында ағымдағы жылы өтетін екіжақты және көпжақты іс-шаралардың күн тәртібі қаралды. М. Тілеуберді әріптесін БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық бірлестіктер қызметінің өзекті бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымы туралы хабардар етті. Тараптар алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударды.

***

2020 жылдың қыркүйегінде халықтың банктер алдындағы несиесі 2%-ға артып, 7 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті. «Қыркүйекте халықтың кредиті 7 трлн теңге болды. Несиенің құрылымын талдасақ, тұтыну қарызы 4,2 трлн теңге, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2,1 трлн теңге», – дейді Ерболат Досаев. Ұлттық банк төрағасы хабарлағандай, экономиканы дамыту үшін берілетін несие өсіп, 14,3 трлн теңгеге жеткен. Бұл – ұзақмерзімді несие көлемі. Ал, экономика үшін қысқа мерзімге берілген несие Досаев хабарлағандай, керісінше, азайып, 2 трлн теңгеге түскен.

***

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 983 кәсіпорнында 27,7 мың жұмыскер алдында 3,5 млрд теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 657 нұсқама беріліп, 88,7 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді. Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,4 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 5,4 мыңнан астам фактісі анықталып, 157,7 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

***

35 жастан асқан адамдар COVID-19-ға әлсіз келеді, өйткені осы жаста дененің қартаюы және иммундық жүйенің әлсіреуі басталады. Бұл туралы иммунолог-аллерголог Владимир Болибок айтты, деп хабарлады lenta.ru. Оның пікірінше, тимус деп аталатын адам ағзасы иммунитет қалыптастыруға жауап береді, яғни онда иммундық жауапқа қажетті жасушалар түзіледі. Бұл балалар мен жасөспірімдерде жақсы жұмыс істейді. «35 жасқа дейін тимустың 10 проценті ғана қалады. Бұл – ағзадағы қартаюдың алғашқы белгісі», – деп түсіндірді дәрігер. Айтуынша, 35 жасқа дейінгі адамдар көп жағдайда COVID-19, пневмония және қатерлі ісіктермен ауырмайды.

Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

Осы подкасттан көбірек

№ 83