Іздеу

Жұбан Молдағалиев (Алтын қор)

Қазақтың қайсар Жұбаны атанған ақын, халық жазушысы Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын!» атты поэмасымен-ақ біртұтас ұлттың рухын көтеріп еді-ау. Туған жер – адам баласының қимайтын да, силайтын да қасиетті мекен.  Жұбан ақын елімен бірге есейіп, халқының қуанышы мен қайғысын қаламына арқау еткен қаламгер.

Ол қазақ елін  Одақ көлемінде ғана емес, әлем алдында танытуға бар күш-жігерін жұмсаған қаламгер. Ұлтжандылық сезім оның бүкіл шығармашылық сезімін айғақтайды. Колбинның алдында «мен қазақпын» деп қасқайып тұрып сөйлеуі- оның халқын сүйген азаматтық сырын, отан үшін отқа түсетін батырлық қырын танытты емес пе.

Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 20