Іздеу

Шәмші Қалдаяқов – 2 бөлім (Алтын қор)

Қамшының сабындай мына қысқа ғұмырда көзден кетсе де, көңілден кетпейтін қимас есімдер сирек кездеседі. Тумысында сезімтал, кең даласындай дархан жүрегіне бар әлем сыйып кететін, ақ маңдайлысын аялап, қаракөзін қимай, ғашық жандарын қайықта серуендетіп,  құдіретті әуен сыйлаған Шәмші сондай асыл жанның бірі еді. Сыр сұлуын сызылтып, анаға деген ақ сезімді қайталанбас әуенмен төгіліткен, туған жерін шексіз махаббатқа толы әнмен әлдилдеп, алысқа самғатқан да Шәмші Қалдаяқов еді.

Жылдар тізбегінде  жылжыған уақыттың жетегіне ілесіп, ән әлемінде жарық жұлдыздай алысқа нұрлы сәулесін төккен аяулы жанның есімі әсем әндерінің қанатында айшықталып,  әйгіленіп бара жатқандай. Көйейдегіні көрікті музыка тілімен көркемдеп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жанына жақын санап кеткен Шәмшінің соңғы дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталыпты.

Осы подкасттан көбірек

№ 44