Іздеу

Сәкен Жүнісов – 3 бөлім (Алтын қор)

Иә, қазақ радиосының алтын қордағы Сәкеннің әр сөзі иненің жасуынан өткен өрелі өсиет. Ұлттық болмыстың буынын қатайтар қағидат. Қайта-қайта тыңдап ұрпақ тәрбиесіне жарататын құнды кәде.  «Сәкен Жүнісов – туған жерге тамырын терең жіберген Дала жыршысы.  Сарыарқаның – ғаламат сұлу cуреткері» – деп жазады  академик-жазушы Зейнолла Қабдолов.  Расында да, Сәкен сері – әдебиеттің қос тізгіні проза мен драматургияны қатар меңгерді. Қапталына жан ертпеген кең тынысты, қуаты мол, қарымды, дарынды қаламгер еді.

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 37