Іздеу

Сәкен Жүнісов – 2 бөлім (Алтын қор)

«Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін емес». Ұлт ұлыларының бірі Мұстафа Шоқай кезінде осылай деген екен. Иә, ұлттық рух сонау түркі дәуірі – көк бөрінің ұрпағына тән қасиет. Тар жол, тайғақ кешуде атам қазақ аттан түспей рухты ұрандаған. Сол ұлт болмысын кешегі кеңес дәуірінің жандайшаптары да жанши алмады. Өйткені ел мүддесін жоғары қоятын зиалы қауым қуатты еді. Солардың қатарында өмірден өткен жазушы Сәкен Жүнісов те бар. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісов   «Қазақ рухының иісі-алдымен ана тілі, тарихы және салт-дәстүрі»,-дегенді жиі айтушы еді.

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды

Осы подкасттан көбірек

№ 27