Іздеу

Сағи Жиенбаев (Алтын қор)

Сағи Жиенбаев даланың жуас мөлдір бұлағы сияқты көкірегінен сыбызғы үніндей сызылып аққан жыр бұлағын өзге нәрсемен лайламай осылай жарық дүниеге жеткізетінді. Шынында да, оның қағаз бетіне түсірген жыр жолдары сұлу болып келеді.  Сезімін қылдай шертіп, көңілін алыстан қозғап, өлкесін өлеңдетіп, желімен желпініп жыр жазатын Сағидың қай өлеңі болмасын тілге жеңіл. Сағи табиғат тақырыбын тамаша жырлайтынды.

Ұшырды жапырақты жел екпінді,

Қашанда сыйлаған ол елеп кімді.

Жоғалтқан ойыншығын жас баладай,

Ыңылдап үй жанында терек тұрды.

Бұл Сағи Жиенбаевтың «Күз» деген жалғыз шумақ өлеңі. Бұдан біздің көз алдымызға бар болмысымен, бар тіршілік қарекетімен күз бейнесі елестеп тұра қалады. Сағи шебер ақын. Оның әр сөзі орнында. Бұл ақынның өлеңге ұқыптылықпен қарауының жемісі.

Ақын Сағи Жиенбаевтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

 

 

 

Осы подкасттан көбірек

№ 36