Іздеу

Сағадат Нұрмағамбетов (Алтын қор)

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Сағадат Нұрмағамбетов  аудандық соғыс комиссаритына өз еркімен майданға аттану үшін өтініш білдіреді.  Алайда, ондағылар жасың толмады деп  қарсылық танытса керек. Алған бетінен қайтпайтын қайсар жігіт ақыры өз дегеніне жетеді. 1942-ші жылы ол  әскери учелищеге жіберіледі. Міне, осылай оның әскери өмірі басталы. Даңқты генерал, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов соғыстан кейінгі жылдары да ол Отанға қызмет етуін  жалғастырды. 1946-49-шы жылдары Мәскеу академиясында дәріс тыңдайды. Одан кейін  аға офицер ретінде әскери өмірдің мектебінен өтеді. Сағадат аға осылай әскери сатыдан сатыға көтеріле жүріп  Отан алдындағы борышын адал атқара білді.  Қайда жүрсе де еңбекқорлығымен көзге түсті.  Тәуелсіздік жылдары  еліміздің қорғаныс саласы небір белестерден өтті.  Бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Өсті, өркендеді. Ал, 90-шы жылдардың басында ол қандай еді? Сол кездегі министр Сағадат Нұрмағамбетов былай әңгімелейді.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тұңғыш министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 24