Іздеу

Сәбит Мұқанов (Алтын қор)

Сәбит Мұқанов хат-қағазға мұқият болған жазушылардың бірі. Оған өз заманында ақын-жазушылар былай тұрсын, хат таныған талай қазақ хабарласып тұрған. Соның бәрін Сәбең сақтап қоятын болыпты. Бір дерекке сүйенсек.  Шәкәрімнің соңғы хаты да Сәбит Мұқановтың мұрағатынан табылған. 1931-ші жылдың  3-ші ақпанында жазылған бұл құнды хатты кейін Сәбең халық кәдесіне жаратқан екен. Кешегі қуғын-сүргін уақытта ұлт зиялыларының жазған хаттары да Сәбең арқылы бүгінгі ұрпақтың қолына тиді.

Ұлттық руханияттың, қазақ өнері мен мәдениетінің қара шаңырағы – ол Қазақ радиосы. Осы ұлт үнжариясына өз заманындаең көп сұхбат берген жазушылардың бірі – Сәбит Мұханов. Сәбең бір сұхбатында салиқалы ойдың өрелі оралымдары да,  әуезді әуеннің жан тебірентер сезімтал пернесі де осында деген екен.

Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Сәбит Мұқановтың дауысы «Алтын қордан» алынды.

 

Осы подкасттан көбірек

№ 69