Іздеу

Роза Бағланова – 2 бөлім (Алтын қор)

Тегінде қазақ әнші қыздарын бұлбұл үнге, сандуғаш сазға, бозторғай дірілге теңеген. Сыңғырлап шыққан сырлы әуеннің  әрленіп, көңілдің кіршіксіз көкжиегінде жұлдыздай жарқырайтыны ғажап. Әрине, ол үшін құлақтан кіріп, бойды алатын әнді жүрекпен ұғыну қажет.

Орындаушысының оралымына қарай ажарлана түсетін ән де түрленеді, түлейді. Көңілге көлдей сезім сыйлап, сұлу дүниеге ынтық ететіні, сондықтан.  Ол әрине, әннің де, әншінің де нарқына байланысты.  Осы құбылыс Роза апамыздың әншілік әлемімен өзектес. Өзіне сөзі салмақты, ойы орамды ән таңдағын әнші қашанда бақытты. Бек сүйікті. Халық әндерін жүрекпен айту керек, әитесе тыңдаушыңның жүрегіне жетпейді,-депті Роза Бағланова. Расында да Роза апамыздың орындауындағы қандай ән болмасын ажарланып шыға келуші еді.

Қазақстанның Халық Қаһарманы, әнші Роза Бағыланованың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

 

 

Осы подкасттан көбірек

№ 53