Іздеу

Қасым Қайсенов (Алтын қор)

Өр мінез, батырлық пен батылдық, қайсарлық-қазақ халқына тән қасиет. Ел басына күн туғанда Одақ халқымен бірге ұлы даланың ұландары да қан майданға аттанды. Бүкіл қажыр-қайратын жеңіс жолына сарып етіп, көзі тірісінде-ақ ата аңызға айналған қазақтың қас батыры Қасым Қайсенов соғыс басталысымен-ақ жау тылына жіберіледі.

Соғыстан кейін қолына қалам алған Қасым аға өзінің партизандық өмірі туралы жазуға бекінеді. Оның «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы 1954-ші жылы орыс тілінде жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Ажал аузында», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Партизан соқпақтары» сияқты бірнеше кітабы оқырман қолына тиді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қасым Қайсенов туған ел туралы да бірнеше еңбек жазды.  Жалпы Халық Қаһарманының 30-ғы жуық кітабы жарық көрген екен. Солардың ең соңғысы  «Елімнің ертеңіне сенемін» деп аталады. Бұл Қасым ағаның ұлтына, халқына деген ыстық ықыласы болса керек.

Қазақстанның Халық Қаһарманы, партизн-жазушы Қасым Қайсеновтың дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды. Ол 1995-ші жылы үнтаспаға жазылған.

Осы подкасттан көбірек

№ 23