Іздеу

Қадыр Мырза-Әли (Алтын қор)

Қадыр Мырза-Әли – қазақ поэзиясында ұлт рухын қалыптастыру жолында еңбек еткен ақын. Ақын поэзиясынсыз қазақ әдебиетін көз алдымызға елестете алмаймыз десек те болады. «Әдебиет ұлттық болу керек» деп түсінген ақынның әрбір өлеңінен қазақ халқының жаны мен болмысы көрініс алып жатады. «Қадыр Мырза Әли ұлт тарихын, мінез-құлқын, ойлы көзбен өлшеп суреттейді. Онда терең идеялық мағына бар»,– дейді  академик Серік Қирабаев.

Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын ерекшелігі – ондағы ұлттық сипатты танытатын ұлттық мазмұн мен пішіннің бірлігінде. Ұлттық дәстүр мен образды ойлаудың жаңашылдығында.

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза-Әлидің дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Осы подкасттан көбірек

№ 22